Домой Қоғам ТҮРКІСТАН: «ФЕРМЕРЛЕРГЕ БІР ҚАДАМ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

ТҮРКІСТАН: «ФЕРМЕРЛЕРГЕ БІР ҚАДАМ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ


Түркістан облысы, Келес ауданында «Фермерлерге бір қадам» акциясы өтті. «Nur Otan» партиясы Келес аудандық филиалы ұйымдастырған жиынға Ошақты ауылдық округі фермерлері мен шаруа қожалық иелері және ауыл шаруашылығы бизнесін бастаймын деуші жастар қатысты.
Акцияда партияның аудандық филиал кеңесшісі Н.Айдаров жиын семинар кеңес түрінде өтетінін, әр сала бойынша аудандық дербес бөлімдер мен мекеме басшылары өз салалары бойынша фермерлер мен шаруа қожалықтарына мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаулар жайлы баяндайтынын, тиісті сұрақтар болса қоюға болатынын жеткізді.
Жиын барысында Келес аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Е.Абишев асыл тұқымды мал өсіруді субсидиялау жайын, ауылшаруашылық техникасының несие көлемі 10%-ға, техника құны 25%-ға субсидияланатынын мәлімдеді. Ошақты ауылдық округі әкімдігінің салық инспекторы Т.Орынбаев шаруа қожалықтары, фермерлер мен кәсіпкерлер 2020 жылдан салық заңнама нормаларына байланысты салықтан 100% босатылатынын жеткізді. Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының маманы Р.Орынбек «Игілік», «Кәсіпкер», «Еңбек», «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламалары аясында мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаулар жайлы толыққанды ақпарат берді.
Акцияда шаруалар тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді.