Домой Қоғам ТҮРКІСТАН: 5 МЫҢНАН АСА ТҰРҒЫН ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛҒАН

ТҮРКІСТАН: 5 МЫҢНАН АСА ТҰРҒЫН ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛҒАН

Түркістан қаласында өткен жылы ұлттық жоба арқылы 5 456 тұрғын тұрақты жұмысқа орналасып, жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайызға төмендеген. Өткен жылы 8 308 тұрғын түрлі жұмыспен қамту жобаларына қатысқан. Атап айтқанда, қоғамдық жұмыс орындарына – 1 275 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына — 201 азамат, жастар практикасы бойынша- 682 тұрғын жұмысқа жолданған. Күміс жас жобасымен — 175 азамат жұмысқа тұрса, тұрақты жұмыс орындарына – 5 456 азамат, алғашқы жұмыс орнына — 130 тұрғын орналасқан.

Сонымен қатар, былтыр жұмыссыздық деңгейін азайту мақсатында кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік қайтарымсыз грантты 150 тұрғын алған. Биыл кәсіп ашуға ниетті 143 азаматқа мемлекеттік қайтарымсыз грант беріледі. Сондай-ақ, қоғамдық жұмыс орындарына -1 120 адамды, әлеуметтік жұмыс орындарына — 140 азаматты, жастар практикасы бойынша 690 тұрғынды жұмысқа жолдау қарастырылған. Күміс жас жобасымен — 170, алғашқы жұмыс орнына 135 тұрғынды орналастыру көзделуде. Тарқатып айтсақ, облыс көлемінде жасалып жатқан жобалардың бәрі Түркістан қаласындағы әлеуметтік саланың дамуына, халықтың әл-ауқатын арттыруға үлкен маңыз болуда. Түркістан облысында атқарылған жұмыстар нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі 5 %-ға төмендеген. 2023 жылы жалпы 129,5 мың адамды жұмыспен қамту шараларына жолдау жоспарланып, нақты 160,5 мың адам жұмыспен қамтылды. Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясаты 5 бағытта жүргізілуде.

Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Құралованың  айтуынша, 2024 жылы жастарға 3,1 млрд.теңгеге шағын несие беру көзделуде. Бүгінгі таңда ҚР Қаржы мен Еңбек және әлеуметтік қорғау министрліктерімен облыс арасында үш жақты келісімшарт түзіліп жатыр. Биыл шағын несие алушылар бизнес-жоспарларын өндіріс орындарын ашу бағытына назар аударылмақ. Сонымен қатар өткен жылы жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыруды қолдау мақсатында 2,3 млрд. теңге қаржы қаралып, облыс көлемінде 1 688 азаматқа мемлекеттік грант қаражаты ұсынылды. Грант иегерлері қаражаттарын өндіріс саласы, техникалық қызмет көрсету, мал, құс қаруашылығы, көкөніс өнімдері, қол өнер бұйымдары, тамақ өндірісі салаларына бағыттап, өз кәсіптерін ашты. Ал биыл 2 мыңға жуық азаматқа мемлекеттік грант қаражатын ұсыну жоспарланып отыр. Биыл пилоттық жоба аясында Келес, Сарыағаш, Мақтаарал, Жетісай аудандары мен Арыс, Түркістан қалалары ендіріліп, балық шаруашылығы, құс шаруашылығы, көкөніс өсіру мен қолөнер өнімдерін өндіру бағытында бірігіп өз кәсіптерін ашу көзделуде.

Жұмыссыздықпен күрес кез келген елдің басты назарындағы мәселелердің бірі. 2023 жылдың бірінші тоқсанында елдегі жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайызды құраған. Еліміздің сарапшылары «алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда көрсеткіш өзгерген жоқ, бірақ былтырғы бірінші тоқсанға қарағанда сәл төмендеді» дейді. Яғни еліміздегі жұмыссыздықты жою бағытында атқарылып жатқан шаралар өз нәтижесін беріп жатыр деп айта аламыз. Осы орайда атап өтер жайт, ауылдарда жұмыссыздық деңгейі қалаға қарағанда жоғары. Ауылда жұмыссыздық деңгейі  4,9% пайызды құрап отырса, қалада 4,7%  көрсетіп отыр. Демек ауылдағы жұмыс көздерін көбейтуге барынша күш салу керек. Халықты жұмыспен қамту мақсатында кәсіпкерлік бағытында мақсатты түрді қаржы бөлініп, жұмыс көздері де ашылып жатыр. Осы жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 2021 — 2025 жылдарға арналған Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға 352,6 мың адам қатысқан. 233,1 мың адам жұмысқа орналасып, оның 100,1 мыңы тұрақты жұмысқа орналасқан. Бұл шын мәнінде елімізде жұмыссыздықты жою бағытында көптеген жұмыстар атқарылып жатқанын аңғартады. Биыл облыс бойынша жеке инвесторлар есебінен 64 жоба (аясында 668 жаңа жұмыс орны ашылуы көзделуде. Нәтижесінде, мемлекеттен қаржыландырылатын жобалар аясында 66 179 жұмыс орны немесе 62 пайызы үлесінде. Жеке инвест жобалар, несиелендіру және жеке кәсіпкер тарапынан ашылатын жұмыс орындар 41 115 орынды немесе 38 пайызды құрайды. Оның барлығы тұрақты жұмыс орындары.

Облыс бойынша 2023 жылғы 1 желтоқсанға халық саны 2140,9 мың адамды құрады. 2023 жылғы қаңтар-қарашадағы халықтың табиғи өсуінің абсолюттік көрсеткіші 42 мың адамды құрады (2022 жылғы қаңтар-қарашаға – 95,2%), осы кезеңде 51,1 мың (96,3%) – туу, 9,1 мың (101,5%) — өлім оқиғасы тіркелді. Облысқа 2023 жылғы қаңтар-қарашада 35953 адам келген (облыс ішіндегі көші-қонды есепке алмағанда) (2022 жылғы қаңтар-қарашада 27631 адам), 56303 адам — кеткен (43857 адам), көші-қон ағыны бойынша абсолюттік ауытқу айырымы 20350 адамды құрады, ал 2022 жылғы қаңтар-қарашада – 16226 адамды құрады. 2024 жылғы III тоқсанда облыс халқының бір айда орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы 96197 теңгені құрады, бұл 2023 жылдың III тоқсанымен салыстырғанда 20,4% жоғары, нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде 6,6% артты.

Облыс әкімі Дархан Сатыбалды тарапынан халықты жұмыспен қамту, жастарды шағын несиелеу жұмыстарын ұйымдастыру, аз қамтамасыз етілген азаматтарға әлеуметтік жағынан қолдау көрсету, мүгедектігі бар адамдардың арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтылуы және де саладағы өзге де мәселелерді шешу жөнінде тапсырмалар берілді.

Солтүстік өңірлерге халықты қоныс аудару жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Түркістан облысынан жұмыс күші жетіспейтін Солтүстік өңірлерге 2019 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін 3 563 отбасы 10 570 адам қоныс аударды. Биыл жұмыс күші артық өңірлерден Солтүстікке қоныс аударуға ниетті азаматтар үшін 7 мыңнан астам квота бөлініп отыр.

Аталған жобалар биыл да өз жемісін беріп, халықтың хәл-жағдайын жақсарту мақсатында қарқынды істер атқарылады деп сенеміз.