Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына төртінші Жолдауында инфрақұрылымға қатысты өзекті мәселелерді шешу қажеттігі туралы айтылған болатын.
Бұл жұмыс, ең алдымен, энергетика және коммуналдық шаруашылық саласында жүргізілуге тиіс.
Энергетика және коммуналдық шаруашылық саласын жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны жыл соңына дейін бекіту керек. Коммуналдық ресурстарды үнемдеу мәдениетін қалыптастыру – өте өзекті мәселе.
Келесі жылдан бастап нақты ережелер енгізілуге тиіс. «Көп тұтынсаң – көп төлейсің» қағидатын басшылыққа алу қажет. Алайда тұтынушылар жеке монополистердің шырмауында жалғыз қалмауға тиіс.
Ағымдағы жылы тарифтерді саралау бойынша қолданыстағы заңнамаларға бірқатар өзгерістер енгізілді, оның бірі жеке тұлғаларды табиғи ресурстарын үнемдеуге ынталандыру үшін қызметтерді әлеуметтік нормамен тұтыну болып табылады .
Атап айтатын болсам, сумен жабдықтау саласында тарифті саралау 4 топқа бөлінеді:
1) халық санатына жататын жеке тұлғалар, жылу энергиясын өндіру процесінде өз мұқтаждарына суды тұтыну көлемі және ыстық сумен жабдықтау қызметтерін көрсету кезінде (ыстық сумен жабдықтаудың ашық жүйесі кезінде) үстемелеп толтыру көлемі шегінде жылу энергиясын өндірумен айналысатын ұйымдар, бекітілген нормативтік техникалық ысыраптар көлемінің шегінде жылу энергиясын берумен және бөлумен айналысатын ұйымдар және сумен жабдықтау және (немесе) су бұру саласында реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын ұйымдар – бірінші топ;
2) өзге тұтынушылар – бірінші және үшінші топтардың құрамына кірмейтін заңды тұлғалар – екінші топ;
3) бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар – үшінші топ.
Жеке тұлғаларды ресурс үнемдеуге ынталандыру мақсатында бірінші топтың сумен жабдықтаудың реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифі тұтынушылардың мынадай санаттары бойынша сараланады:
1-кіші топ –1 адамға шаққанда айына 3 м3-ге дейін реттеліп көрсетілетін қызметтерді тұтынатын халық санатына жататын жеке тұлғалар;
2-кіші топ – 1 адамға шаққанда айына 3 м3-ден астамнан 5 м3-ге дейін реттеліп көрсетілетін қызметтерді тұтынатын халық санатына жататын жеке тұлғалар;
3-кіші топ – 1 адамға шаққанда айына 5 м3-ден астамнан 10 м3-ге дейін реттеліп көрсетілетін қызметтерді тұтынатын халық санатына жататын жеке тұлғалар;
4-кіші топ –1 адамға шаққанда айына 10 м3-ден астам реттеліп көрсетілетін қызметтерді тұтынатын халық санатына жататын жеке тұлғалар және суды есепке алудың жеке аспаптары жоқ жеке тұлғалар.
Осыған орай, бір қатар субъектілерге әлеуметтік тұтыну нормалары еңгізілді.
Атап айтқанда, олар:
«Түркістан-Су» МКК тарату желілері бойынша су беру жөніндегі қызметтерге тұтынушылар топтары бойынша сараланған тарифтер
Топтың атауы | Тұтынушылар топтары | Департаментпен бекітілген, теңге/м3 без НДС | |
01.10.2024-30.11.2024гг. | 01.12.2024-30.09.2025гг. | ||
Орташа тариф | 89,62 | 87,88 | |
1 топ: | Халық санатына жататын жеке тұлға | 63,00 | 63,01 |
1-кіші топ | 1 адамға шаққанда айына 3 м3-ге дейін реттеліп көрсетілетін қызметтерді тұтынатын халық санатына жататын жеке тұлғалар; | 63,00 | 63,01 |
2-кіші топ | 1 адамға шаққанда айына 3 м3-ден астамнан 5 м3-ге дейін реттеліп көрсетілетін қызметтерді тұтынатын халық санатына жататын жеке тұлғалар; | 75,61 | 75,61 |
3-кіші топ | 1 адамға шаққанда айына 5 м3-ден астамнан 10 м3-ге дейін реттеліп көрсетілетін қызметтерді тұтынатын халық санатына жататын жеке тұлғалар; | 94,51 | 94,51 |
4-кіші топ | 1 адамға шаққанда айына 10 м3-ден астам реттеліп көрсетілетін қызметтерді тұтынатын халық санатына жататын жеке тұлғалар және суды есепке алудың жеке аспаптары жоқ жеке тұлғалар. | 126,01 | 126,02 |
2 топ | Басқа тұтынушылар – заңды тұлғалар | 176,92 | 176,94 |
3 топ | Бюджет есебінен қаражаты ұйымдар | 188,78 | 79,71 |
«Жетісай су» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының суды таратушы желілер арқылы беру қызметіне тұтынушылар топтары бойынша сараланған тарифтер
Топтың атауы | Тұтынушылар топтары | Уәкілетті орган бекіткен теңге/м3 без НДС | |
1 топ: | Халық санатына жататын жеке тұлға | 62,50 | |
1-кіші топ | 1 адамға шаққанда айына 3 м3-ге дейін реттеліп көрсетілетін қызметтерді тұтынатын халық санатына жататын жеке тұлғалар; | 62,50 | |
2-кіші топ | 1 адамға шаққанда айына 3 м3-ден астамнан 5 м3-ге дейін реттеліп көрсетілетін қызметтерді тұтынатын халық санатына жататын жеке тұлғалар; | 75,00 | |
3-кіші топ | 1 адамға шаққанда айына 5 м3-ден астамнан 10 м3-ге дейін реттеліп көрсетілетін қызметтерді тұтынатын халық санатына жататын жеке тұлғалар; | 93,75 | |
4-кіші топ | 1 адамға шаққанда айына 10 м3-ден астам реттеліп көрсетілетін қызметтерді тұтынатын халық санатына жататын жеке тұлғалар және суды есепке алудың жеке аспаптары жоқ жеке тұлғалар. | 125,00 | |
2 топ | Басқа тұтынушылар – заңды тұлғалар | 156,43 | |
3 топ | Бюджет есебінен қаражаты ұйымдар | 146,42 |
Жылу энергиясымен жабдықтау саласында тарифтерді саралаужалпы ауданның мөлшерін ескере отырып жылу энергиясын тұтынудың әлеуметтік лимиттерін белгілеу шеңберінде бірінші топ тұтынушылары, халық санатына жататын жеке тұлғалар үш кіші топқа бөлінеді:
1-кіші топ – халық санатына жататын жеке тұлғалар, жылытылатын аудан 100 м2 -ге дейін;
2-кіші топ – халық санатына жататын жеке тұлғалар, жылытылатын аудан 100-ден астам және 200 м2-ге дейін;
3-кіші топ – халық санатына жататын жеке тұлғалар, жылытылатын аудан 200 м2 -ден астам.
«Кентау Сервис» МКК 2024-2027 жылдарға арналған жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және жабдықтау жөніндегі қызметтерге тұтынушылар топтары бойынша сараланған тарифтер
Топтың атауы | Тұтынушылар топтары | Өлшем бірлігі | Уәкілетті орган бекіткен, ҚҚС жоқ |
01.11.2024ж. | |||
Орташа тариф | тенге/Гкал | 6497,24 | |
1 топ | халық санатына жататын жеке тұлғалар, оның ішінде | тенге/Гкал | 2153,36 |
есептеу құралымен | тенге/Гкал | 1898,5 | |
есептеу аспаптары жоқ | тенге/Гкал | 2584,04 | |
тұрғын алаңның 1 м2 үшін төлем мөлшері | тенге/м2 | 92,51 | |
1 кіші топ | халық санатына жататын жеке тұлғалар, жылытылатын ауданы 100 м2 дейін, оның ішінде | тенге/Гкал | 2153,36 |
есептеу құралымен | тенге/Гкал | 1898,5 | |
есептеу аспаптары жоқ | тенге/Гкал | 2584,04 | |
тұрғын алаңның 1 м2 үшін төлем мөлшері | тенге/м2 | 92,51 | |
2 кіші топ | халық санатына жататын жеке тұлғалар, жылытылатын ауданы 100-ден 200 м2-ге дейін, оның ішінде | тенге/Гкал | 2368,7 |
есептеу құралымен | тенге/Гкал | 2088,35 | |
есептеу аспаптары жоқ | тенге/Гкал | 2842,44 | |
тұрғын алаңның 1 м2 үшін төлем мөлшері | тенге/м2 | 101,76 | |
3 кіші топ | халық санатына жататын жеке тұлғалар, жылытылатын ауданы 200 м2 астам, оның ішінде | тенге/Гкал | 6497,24 |
есептеу құралымен | тенге/Гкал | — | |
есептеу аспаптары жоқ | тенге/Гкал | — | |
тұрғын алаңның 1 м2 үшін төлем мөлшері | тенге/м2 | — | |
2 топ | бірінші және үшінші топтарға жатпайтын өзге де тұтынушылар, оның ішінде | тенге/Гкал | 5094,96 |
есептеу құралымен | тенге/Гкал | 3566,47 | |
есептеу аспаптары жоқ | тенге/Гкал | 11208,91 | |
3 топ | Бюджет қаражаты есебінен ұсталатын бюджеттік ұйымдар, оның ішінде | тенге/Гкал | 28721,46 |
есептеу құралымен | тенге/Гкал | 27455,82 | |
есептеу аспаптары жоқ | тенге/Гкал | 43082,2 |
Аталған әлеуметтік нормадан түсетін пайда субъектімен тек қана желелерді қайта жаңғырту, жөндеу, модернизациялау және активдерді жаңартуға бағытталатын болады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті