Домой Қоғам ТҮРКІСТАН: АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІН ДАМЫТУҒА 1 ТРИЛЛИОН ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

ТҮРКІСТАН: АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІН ДАМЫТУҒА 1 ТРИЛЛИОН ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

«Жалпы «бармақ басты, көз қысты» дегенді мүлдем доғару қажет. Өзара ымыраласқан, астыртын шешім қабылдауға болмайды. Жекелеген шаруашылықтардың емес, ауыл тұрғындарының мүддесі бірінші орында тұруға тиіс. Ауыл жұртының көпшілігінде жер үлесі бар. Бірақ халық оның игілігін көре алмай отыр. Біз елімізді негізгі азық-түлікпен толық қамтамасыз етуіміз керек. Сондықтан Үкімет жоспарланған барлық жобаларды жүзеге асыруға міндетті. Келесі жылы ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту жөніндегі ауқымды жобаны бастаймыз. Оған 1 триллион теңге бөлінеді. Бұл жоба 1 миллион ауыл тұрғынын қамтиды», – деп тапсырған еді Мемлекет басшысы.

Осылайша қатаң қадағалауға алынған АӨК саласында реформа басталды. Осыған орай Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Президент жолдауындағы тапсырмаларды орындау үшін 2023 жылға нақты шаралар әзірленгенін мәлімдеді. Яғни биылдан бастап, ауыл шарушылығын субсидиялау тәртібі де өзгереді. Түркістан өңірінің тұрғындарына аталған тақырыпты тарқатып, танымдық ақпаратты ұсынып отырмыз.

Субсидия беру тәртібі қандай?

Билік бірінші кезекте құжаттар мен қағазбастылық, шашыраңқылық  мәселесін жеңілдетуге тырысқан. Бұл орайда фермерлерге 1 ақпаннан бастап іске қосылатын  «Агрөнеркәсіп кешенін субсидиялаудың бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйесі» (СБМАЖ) көмекке келеді.  Автоматтандырылған бұл жүйе фермерлердің субсидияға өтінімін рәсімдеу үшін балама ретінде әзірленіп отыр. Өтінімдер gosagro.kz веб-порталында қабылданады. Аталмыш жүйе толығымен автоматтандырылған және ақысыз қызмет көрсетеді.

СБМАЖ өтінім беруде фермерлер жұмысын айтарлықтай жеңілдете түспек. Себебі  субсидия алу үшін растау құжаттары мен қосымша анықтамалар өткізу жұмыстары ретке келтіріліп, бұл құжаттар басқа мемлекеттік ақпараттық жүйелерімен, соның ішінде жер учаскелері, ауыл шаруашылығы жануарлары, техника және арнайы көлік жөніндегі деректермен, кооператив мүшелері туралы мәліметтермен, сондай-ақ «алқаптар картасымен» бір орталыққа  біріктірілген. 

Атадан балаға қалдырылып отыр­ған жер-анаға деген махаббат «цифр­лық рухты» сіңірген, сондықтан да «ақылды технологияларға» қазір­гі ша­руа­шылықтың шамасы же­те ме? Толық сеніммен – «иә» деп ай­­та аламын! Астанада өткен ЭКСПО кө­рмесі бізге болашақ – бұл шы­на­йылық екенін көрсетті. ЭКСПО ая­сында Ұлттық инженерлік акаде­мия­­ның ұйымдастыруымен өткен, өзім қатысқан инженерлер мен ғалым­дардың Дүниежүзілік конгресін ерекше атап өткім келеді. Конгреске Нобель сыйлығының лауреаттары, «Жаһандық энергия» халықаралық сыйлығының 18 лауреаты, энергетика, қоршаған ортаны қорғау министрлері, энергетика саласындағы 2000-нан ас­там ғалым, сарапшы қатысты. Мен, аграрлық ғылыммен айналысатын маман ретінде, осы саланың ғалым­дарының ой-пікірлеріне қызығушылық таныттым. Әлемде қандай үрдістер бар? Біз қайда бет алып келеміз? 1000-нан астам баяндама тыңдалды. Аграрлық ғылым саласында Бразилия штатының министрі Жоао Карлос де Соуза Мейреллестің, Нобель сый­­лы­ғының лауреаты Риккардо Ва­лен­тинидің, Таврия мемлекеттік агро­тех­нологиялық университетінің, Киев политехникалық институтының бір­­қатар ғалымдардың және бас­қа­ларының баяндамалары тыңдалды. Нобель сыйлығының лауреаты бү­гін­гі таңда бүкіл әлемде тек аграр­лық өнімдер секторы тұщы суды пайда­ланудың жалпы көлемінің шамамен 80%-ын, энергияға жалпы сұраныстың 30%-ын және парниктік газдардың техногендік шығарындыларының 24%-ын құрайтынын атап өтті. Болашақта жаһандық азық-түлік өндіру 70%-ға артады, сектор ресурстардың тең­дес­сіз қысымына және климаттық жүйе­лердің күшті ауытқуына тап болады деп күтілуде. Жаһандық аграрлық азық-түлік жүйелері, олардың болашақ ұрпаққа қолдау көрсету мүмкіндіктері туралы ойланатын кез келді.

Мемлекет басшысының идеясы – экономиканы цифрландыруға көшу және пәнаралық инновациялық орта­лықтар құру біздің болашақтың негізгі компоненті болып табылады. Қазақстанда аграрлық саладағы ғылым және бизнес үшін жаңа стратегиялық модель іске қосылады. Ал ғылым мен бизнесті жақындастыру үшін жаңа технологияларды коммерцияландыру кеңселері қажет. Инженерлік академияда осындай коммерцияландыру кеңсесі Инженерлік-технологиялық университеттің базасында әлдеқашан құрылған. Дәл осы кеңсе нарықтық және тұтынушылық сұранысқа бағыт­талған кабинеттік зерттеулерден қол­дан­балы зерттеулерге көшу үшін берік көпір құратын болады.

Біз цифрландырудың басқаруға көмектескенін, экономика және энергетика экологиялыққа айналғанын, ал жел мен күн шаруаның үйреншікті серік­теріне оның көмекшілеріне ай­нал­ғанын көріп отырмыз. Шаруаның жаңартуға дайындығы туралы сұраққа өткен жылдың қорытындысы жауап бере алады. Ауылшаруашылық саласы бірте-бірте жаңа технологияларды игеруде. Өте маңызды жайт, менеджмент, кадр саясаты, сондай-ақ технологиялық жарақтандыру, егіншілік жағынан сапалы өзгеруде. Өткен жылдың қорытындысы бойынша республикамызда ауылшаруашылық жалпы өнімі шамамен 3%-ға өсіп, көлемі бойынша 4 трлн теңгеден ас­қа­нын естеріңізге сала кетейін. Өсу өсім­дік шаруашылығында және мал шаруашылығында байқалды.

Біздің компанияның практикалық тәжірибесіне сүйене отырып, оның одан әрі өсу әлеуетін көріп отырмын, өйт­кені қазірдің өзінде бизнестің кезек­ті технологиялық баспалдағына өрлеуі нәтижелілікті арттыратынын білемін. 2014 жылы Мемлекет басшысы біздің көп салалы агрохолдингке келгенде оның жетістіктерін де атап өтіп, «Байсерке-Агро» ЖШС-сын Қазақ­станда ауылшаруашылық секторларын дамытуға бағыт-бағдар береді деп атағанын еске түсіре отырып, мынадай параллельдерді жүргізіп көрейін. Біз осындай жоғары бағаны мақтан етеміз. Бірақ одан да маңыздысы, ол Мем­лекет басшысының Жолдауында айтылған инновациялық технология­ларды қолдану, басқаруды жетіл­діру бағы­тындағы біздің интуитивті қозғалысымыз болып табылады.

Президент өз назарын агробиз­нес­тің ғылыми құрамына аудар­ған. Бір­неше жыл бұрын, ата-баба­мыз­дан келе жатқан әдістермен үйреншікті қалып­тан шыға алмайтынымызды түсінген серіктестік агроөнеркәсіптік секторды қолдау үшін Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институты және Қазақ ветеринария ҒЗИ-мен бірге құрылған Қазагроинновация мем­ле­кеттік мекемесімен ынтымақ­тас­тық туралы келісімге қол қойды. Биылғы жылы Ұлттық инженерлік ака­демиямен келісімге келді. Біз­дің ғылыми әріптестеріміздің арқа­сын­да өсімдіктерді қорғау, мал шаруа­шы­лы­ғының өнімділігін сақтау және арт­тыру мәселелері жөнінде жаңа ин­но­вациялық әдістер мен технологияларға, заманауи зерттеулерге қол жеткіздік.

Ғалымдардың ұсыныстарына сүйе­ніп, бүкіл техника және құры­лым­дар паркін жаңғырттық, еңбекақы төлеу жүйесін, мотивация және ма­ман­дарды оқытуды ұйымдастыру бо­йын­ша жұмысты жақсарттық. Яғни өндірістік циклдың бірде-бір бөл­­шегін назарымыздан тыс қал­дыр­­май кешенді қарастырдық. Бұл бізге ауыл­шаруашылық дақылдарын өңдеу, қайта өңдеуді қазіргі талапқа сай жа­ңарту, ауылшаруашылық өнді­рісінің және оның нәтижелілігін арт­тыру про­цес­терін жақсартуға айтар­лықтай сеп­тігін тигізді.