Домой Қоғам САЯБАҚТА «АЛАЯҚТАРДЫҢ» ТІЗІМІМЕН ТАНЫСА АЛАСЫЗ

САЯБАҚТА «АЛАЯҚТАРДЫҢ» ТІЗІМІМЕН ТАНЫСА АЛАСЫЗ

Түркістан қаласында Қаржылық мониторинг агенттігінің саябағы ашылды. Аталмыш саябақ еліміздің құқық қорғау саласының алғашқы саябағы.

Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің мұрындық болуымен Түркістан қаласы әкімдігі және Түркістан облысының Прокуратурасының қолдауымен өтіп жатқан салтанатты шарада Түркістан облысы Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Ерболат Балғабаев «Бүгін белсенді азаматтардың бастамасымен, «Экономикалық тергеп-тексеру қызметі» волонтерлерінің ұсынысымен саябақ ашылды. Бұл қаламыздың көркеюі мен абаттануы үшін өз үлесін қосады деген сенімдеміз. Сондай-ақ қасиетті мекеніміз экономикалық қылмыстардан ада, таза қала болуына өз септігін тигізеді, өйткені саябаққа қаламыздағы барлық саябақтарға қаржылық пирамидалардың тізімі көрсетілген QR код белгілері бар тақтайшалар орнатылды», — деп аталмыш орынмен жақын таныстырды.

Одан кейін сөз кезегін алған Түркістан облысы әкімінің орынбасары Б.Тәжібаев, облыс прокуроры М.Тілеубердиев саябақтың ашылуымен құттықтап, қоғамымызда қаржылық алаяқтықтың құрбандары өкінішке қарай, күн санап көбейіп келе жатқанын, оның алдын алудың ең тиімді жолы – халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру екенін, осы орайда департаменттің ұйымдастыруымен форумдар мен акциялардың өткізіліп жатқанын, оның ішінде бүгінгі саябақтың ашылуы ел игілігі үшін жасалған оңды істің бірі екенін атап өтті.   

Саябақтың ашылу салтанатында ағаш отырғызылды. Айта кетейік, саябақ көркі саналатын ағаштар еліміздің 20 аймағының Экономикалық тергеп-тексеру департаменттерінен және аймағымыздың құқық қорғау органдарынан сыйлыққа жіберілді. Алдағы уақытта департамент саябақты өз қамқорлығына алатын болды.

Н.ИМАНҚҰЛОВА