Домой Қоғам ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУДА КЕНТАУЛЫҚ ТҰРҒЫНДАРДЫ ТОЛҒАНТҚАН МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУДА КЕНТАУЛЫҚ ТҰРҒЫНДАРДЫ ТОЛҒАНТҚАН МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Мирас Қарғабай «Nur Otan» партиясы Кентау қалалық филиалында болып, жеке және заңды тұлғалардың түйткілді мәселелері бойынша қоғамдық қабылдау өткізді.

Қабылдау барысында Мирас Асқарбайұлы қала және ауыл тұрғындарының арыз-шағымдарына құлақ түріп, азаматтардың талап-тілектерінің жедел шешілу жолдарын қарастырды.

Арыз-шағымын арқалап келген Кентаулық тұрғындардың басым көпшілігі өздерін алаңдатқан тұрғын-үй, жер, су және әлеуметтік мәселелер бойынша бірқатар сауалдарын жолдап, ол бойынша толымды жауаптар мен құқықтық кеңестер алды.

Қоғамдық қабылдау кезінде тұрғын-үйге мұқтаждар есебінде тіркелген Гүлмира Әнетбекқызы кезектілік мәселесі бойынша өз жанайқайын жеткізсе, Меруерт Алиева жер учаскесінің пайдалануға берілмегендігін және басқа жер учаскесіне ауыстыру бойынша өтініштерін білдірді.

Сондай-ақ, Наталья Крылова есімді жергілікті тұрғын құбыр суының көтерілуі салдарынан тұрғын-үй құрылысына зиян келгендігін алға тартып, осыған орай тиісті мекемелер тарапынан көмек көрсетілуін және тәжік-ауған соғысының ардагерлер кеңесінің төрағасы бір реттік әлеуметтік төлемақы төленбегендігін жеткізіп, осы мәселені бақылауға алуын сұрады.

Азаматтардың әрбір арыз-шағымына терең үңілген Мирас Асқарбайұлы аталған өтініштердің Департамент тарапынан назарға алынатынын және алдағы уақытта нақты шаралар атқарылатынын тілге тиек етті.