Домой Қоғам «NUR OTAN» ҮМІТКЕРІ ТҮРКІСТАНДА МЕДИЦИНА НЫСАНДАРЫ КӨБЕЙЕТІНІН АЙТТЫ

«NUR OTAN» ҮМІТКЕРІ ТҮРКІСТАНДА МЕДИЦИНА НЫСАНДАРЫ КӨБЕЙЕТІНІН АЙТТЫ


Түкістан облыстық мәслихаты кандидаттығына үміткер Ләззат Динашева Түркістан қаласындағы медицина нысандары мен дәріханаларда бірнеше кездесу өткізді. Университетте қызмет атқаратын тарих ғылымдарының кандидаты партия тарапынан медицина саласына қолдау күшейетінін жеткізді.
«Әлемді әбігерге салған пандемия медицина саласында өзекті проблемалар бар екенін аңғартты. «Nur Otan» партиясының бағдарламасында дәрігерлік қызмет сапасын арттыру, медициналық нысандарды көбейту жоспары бар. 2023 жылға қарай дәрігерлердің еңбекақысы 2,5 есе өсіп, кем дегенде 550 000 теңге, ал орта медициналық персоналдың жалақысы кем дегенде 190 000 теңге болады. Әрбір өңір дәрі-дәрмектің, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық жабдықтармен қамтамасыз етіледі. Денсаулық сақтау саласын барлық көздерден қаржыландыру көлемі ЖІӨ-ден 5%-ке дейін жеткізіледі», – деген үміткер Түркістан облысында заман талабына сай ірі 14 медициналық нысан салынатынын атап өтті.
Түркістандағы «Ақмарал» клиникасының қызметкерлері партияның ақ желеңді абзал жандарға деген бағдарламасына оң бағаларын беріп, қолдайтындарын жеткізді.
Сонымен қатар Л.Динашева Түркістан қаласындағы мекемелер мен «Отырар» шағынауданындағы тұрғын үйлерді аралап, жұртшылықпен кездесті. Көпшілікті «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.
Ал сіз өз таңдауыңызды жасайсыз ба? «Nur Otan» әрдайым сізбен бірге. 10 қаңтарда сайлауға келіңіз, тұрақтылық, бірлік, даму үшін дауыс беріңіз!


«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі


Материал «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық сайлау қоры қаржысы есебінен жарияланды