Домой Басты жаңалықтар ӘКЕЛЕР ФОРУМЫ ӨТТІ

ӘКЕЛЕР ФОРУМЫ ӨТТІ

Қазақта «Ұл әкеден үйренбей, сапар шекпес, қыз шешеден үйренбей, өнеге алмас» деген бар. Осы сөздерді мәйек ете отырып, Шорнақ жалпы орта мектебінде құрылған «Асқар тау» әкелер мектебінің мүшелері және ардагер ұстаздарымыздың қатысуымен «Қамқор әке — бақытты балалық » тақырыбында әкелер форумы өткізілді.

Мектебіміздің ардагер ұстазы Сариев Аманбай ағай, Сауран аудандық әкелер кеңесінің төрағасы Сопбеков Болат ағамыз, отбасында үлгілі әке, қоғамда орны қалыптасқан, ел қолдайтын, жастарға өзіндік айтар ойы бар азаматтар әдемі әңгіме өрбітті. Отбасы құндылығы, бала тәрбиесі, соның ішінде әке рөлі мен әкеге деген сүйіспеншілік тақырыбында жас әкелерге ақыл кеңестерін берді. Мектеп психологы Б.Камалов «Балаң Абайдай болсын десең» тақырыбында әкелер мен балалары арасында тренинг өткізді.

Аталған шараның да мақсаты – жастарға тәлім-тәрбие беру, басты құндылық – отбасы құндылығын, әке рөлін дәріптеу болды.