Домой Қоғам ЕЛ БІРЛІГІ ПАРТИЯ НАЗАРЫНДА

ЕЛ БІРЛІГІ ПАРТИЯ НАЗАРЫНДА

Түркістан дамуына үлкен үлес қосқан азаматтардың бірі де бірегейі Нұржанов Есалы. ⠀⠀Қазіргі уақытта отставкадағы полковник, Түркістан қаласының Құрметті азаматы, еңбек ардагері Нұржанов Есалы ағамыздың шаңырағында канвассинг кездесуде Қауіпсіз қала жобасы аясында кеңінен әңгіме өрбіді. Түркістан қаласы барлық тұрғындары өздерін қауіпсіз сезінетін аймаққа айналуы қажет. Соңғы үш жылда қалада қылмыс деңгейі төмендегені байқалады. Бейнебақылау жүйесін дамыту, қала көшелерін жарықтандыру, қылмыспен тиімді күрес, жұмыссыздықты төмендетуге жәрдемдесу арқылы адамдар өздерін одан әрі қауіпсіз сезінетін қала болуы тиіс. «Қауіпсіз қала» жобасының алғашқы қадамы ретінде қоғамдық қауіпсіздік пен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 200 бейнекамералар орнатылды. Партияның міндеті – қаланы тұру үшін жайлы ғана емес, сонымен қатар қауіпсіз ету. Бұл үшін «NurOtan» партиясы қол жеткізеді:  қылмыстың (1261-ден 1135-ке дейін) және жол-көлік апаттарының деңгейін 10%-ға төмендетуге;  Түркістан қаласының қоғамдық орындары мен көшелеріне 5 мың бейнебақылау камераларын орнатуға;  2021-2025 жылдар аралығында қала көшелеріне 26,9 мың диодты шамдарды орнатуға, оның ішінде; — 2021 жылы «Бекзат» және «Отырар» мөлтекаудандарының көшелерінде 8,6 мың; — 2022 жылы «Сауран» және «Иасы» мөлтекаудандарының көшелерінде 8,6 мың; — 2023 жылы «Шауғар» мөлтек ауданының көшелерінде 9,7 мың;  «Қауіпсіз қала», «Түнгі қала», «Жасөспірім-Заң-Қауіпсіздік», «Көше», «Балалар түнгі қалада», «Жасөспірім» профилактикалық 18 шараларды өткізуге;  өңірде қоғамдық келісім мен этносаралық татулықты қамтамасыз етуге;  ғылыми-сарапшы мамандарды тарта отырып, өңірдегі қоғамдық тұрақтылыққа кері әсер ететін факторларды анықтау, олардың алдын алу бойынша ұсыныстар мен негіздемелер әзірлеуге;  тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру жөнінде кешенді жұмыстар атқаруға;  жасөспірімдер қылмысын төмендету бағытында мектептер мен колледждерде тәрбиелік танымдық шаралар өткізуге. Нәтижесінде 2025 жылы қылмыс пен жол-көлік апаттарының деңгейі 10%-ға төмендеп, өңірде қоғамдық келісім мен этносаралық татулықты қамтамасыз етіледі.

«Nur Otan» партиясы атынан  Түркістан қаласы  Сайлау қорының қаражатынан төленді