Домой Басты жаңалықтар БІРГЕ АКЦИЯСЫ БІРЛІККЕ ҮНДЕЙДІ

БІРГЕ АКЦИЯСЫ БІРЛІККЕ ҮНДЕЙДІ

Бүгін республика көлемінде «BIRGE» жалпыұлттық акциясы бастау алды. ҚР Президентігіне үміткер Қ.К.Тоқаевтың Түркістан қалалық қоғамдық штабында акцияны түсіндіруге арналған кездесу өтті. Басқосуда штабтың төрағасы Б.Шойбеков еріктітілер тобына түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Айта кетейік, ерікті жұмысшы топ ұсыныс пен тілектерді жазуға арналған арнайы парақшаларды тұрғындарға таратады. Ал, тұрғындар өз кезегінде парақшаларға көрсетілген мәліметтермен қатар өздерінің ұсыныс-пікірлерін жазып, сенімді өкілдерге қайта тапсырады. Бұл ұсыныстар кандидат Қ.К.Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасына әскер ететін болады. Үш күн бойы жүргізілетін қоғамдық шараға қаланың мыңдаған тұрғындары тартылып, олардың ұсыныстарын білуге мүмкіндік туып отыр. Бұл үшін бүгін 2500 арнайы парақша қала тұрғындарына жол тартты.