Жуырда қала әкімінің міндетін атқарушы Сапарбай Дәрібайдың төрағалығымен қала әкімдігінің кезекті мәжілісі өтті. Басқосуға қала әкімінің орынбасарлары, аппарат қызметкерлері, дербес бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдері қатысты. Күн тәртібінде 4 мәселе қаралды. Атап айтар болсақ
1.«Қаладағы мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелерде Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерін тану және насихаттау жөніндегі жұмыстарына жүргізілген мониторинг қорытындылары туралы»
- «Арыс қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру жұмыстарының барысы туралы»
- «Арыс қаласының сәулеттік келбетін қалыптастыру және заңсыз салынған құрылыс нысандарымен атқарылған жұмыстар туралы»
- «Қала әкімінің есеп беру кездесулері барысында қала және ауылдық округ тұрғындарынан түскен ұсыныс-пікірлерінің 2021 жылдың ІІІ-тоқсаны бойынша орындалу барысы туралы». Отырыста аталған төрт мәселе бойынша қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Д.Егізбаев, ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы Ә.Мұхит, кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Қ.Шойнахов, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Н.Жанбатыр және қала әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы А.Манапов баяндама жасады. Жиын барысында қала әкімінің міндетін атқарушы Сапарбай Дәрібайұлы баяндамашыларға күн тәртібі бойынша сұрақтар қойып, көтерілген мәселелерді уақытылы шешуді тапсырды.
Жиын соңында көтерілген мәселелер бойынша ұсыныс-пікірлер айтылып, нақты тапсырмалар жүктелді. Сонымен қатар күн тәртібінде қаралған мәселелерге орай тиісті қаулылар қабылданып, хаттама толтырылды.