Домой Басты жаңалықтар АГЕНТТІК ТӨРАҒАСЫ: ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕДЕ БАРЛЫҚ САЛАНЫҢ МАМАНДАРЫ БІРЛЕСІП ӨҢІРДІ КӨРКЕЙТУ ИДЕЯСЫМЕН АЛМАСУ...

АГЕНТТІК ТӨРАҒАСЫ: ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕДЕ БАРЛЫҚ САЛАНЫҢ МАМАНДАРЫ БІРЛЕСІП ӨҢІРДІ КӨРКЕЙТУ ИДЕЯСЫМЕН АЛМАСУ КЕРЕК

Қасиетті жұма күні киелі Түркістан өңіріне жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаев Облыс әкімдігі жанынан құрылған Жобалық кеңсенің жұмысымен танысты. 

Жобалық кеңсе 5 негізгі базалық бағытта, яғни инфраструктураның дамуы, адами капитал, кәсіпкерлік және индустрия, агроөнеркәісп кешені және мемлекеттік сектор, мемлекеттік қызмет көрсету мен қауіпсіздік негізінде жұмыс жасайды.
Мұнда келушілер аталған 5 бағыт бойынша өздерінің Жобаларын ұсынады, ал ұсынылған тиімді Жобалар рухани мекенді дамыту үшін қолданылады. 
Өңірлік кеңсенің жұмыс барысын және жұмыс жоспарының жүзеге асырылуын Жобалық кеңсенің бас менеджері Махин Асхат кеңінен баяндап берді. 
Жобалық кеңсенің негізгі бағытымен жіті танысқан Алик Жатқамбайұлы кеңсе жұмысының әрі қарай өрлеуіне тілектестік білдіріп, жиналған қауымға рухани мекенде қызмет етудің өзі зор мәртебе екенін алға тартып, қызметтерін таза, адал және әділетті жасауға шақырды. 
Сондай-ақ, жиын барысында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев киелі шаһар төрінде қызмет ететін мемлекеттік қызметшілерге қолдау білдіретінін атап өтті. 
Айта кетсек, бұл жоба — Үкімет басшысының жергілікті атқарушы органдардағы Жобалық басқару жүйесін құру туралы тапсырмасы аясында жүзеге асырылып отыр.