«Nur Otan» партиясының кандидаттары сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырды. Осы ретте, атаулы партияның үміткерлері Түркістан қаласында орналасқан «Керуен сарай» сауда орталық кешеніне барып, жеке кәсіпкерлермен кездесу өткізді. Кездесу барысында алда болатын сайлау кезеңінің жөн-жоспарлары пысықталып, алдағы уақытқа жасалған жоспарларымен бөлісті.
«Керуен сарай» сауда орталық кешені Түркістан қаласында орналасқан маңызды нысандардың бірі болып саналады. Ол жерде қала маңыздылығы үшін және жеке кәсіппен шұғылданатын азаматтар үшін барлық жағдай жасалған. Мәселен: Шағын және орта бизнесті дамыту – өңір экономикасының өсу резервтерінің бірі болып табылады. 2019 жылдың қорытындысы бойынша, қаладағы кәсіпкерлік көрсеткіштерінің оң динамикасы байқалды, қаланың жалпы өңірлік өніміне шағын және орта бизнестің үлесі артты. Алайда, COVID-19 таралуы және оның салдары бизнестің экономикалық белсенділігінің төмендеуіне айтарлықтай әсер етті. Экономиканың бөлшек және көтерме сауда, көлік және сақтау, жылжымайтын мүлік, қонақ үй бизнесі, қоғамдық тамақтану сияқты секторлары ең көп зардап шекті. Төтенше жағдай кезінде қала аумағында көптеген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер өзінің қызметін тоқтатты. Партия зардап шеккен бизнес субъектілерінің қызметін қалпына келтіру үшін ғана емес, сондай-ақ «Атамекен» ҰКП-мен мемлекеттік қолдау мен ынтымақтастықтың қолданыстағы құралдарын белсенді пайдалану арқылы жаңаларын құру үшін жағдай жасайтын болады.
Осы орайда, партия үміткерлері алда келе жатқан сайлау науқанында «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырып, болашақты бірге құруға шақырды.
«Nur Otan» партиясы Түркістан қаласының Сайлау қорының қаражатынан төленді