Домой Басты жаңалықтар ТҮРКІСТАН: ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА

ТҮРКІСТАН: ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА

Түркістан облысында заңсыз жолаушылар тасымалына тосқауыл қою мақсатында кезекті рейдтік іс-шаралар өтті.Сарыағаш ауданында өткен ауқымды шараның негізгі мақсаты–жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының ұйымдастырумен өткен рейдтік шараға Сарыағаш ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, Сарыағаш ауданының мемлекеттік кірістер басқармасы, Түркістан облысының Көліктік бақылау инспекциясы мен Сарыағаш ауданының полиция бөлімі атсалысты.

Өткізілген рейдтік іс-шаралар нәтижесінде Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес, жолаушылар көлігіне қатысты 25 хаттама түзілді. Бірлескен шара алдағы уақытта жалғасын табады.