Домой Басты жаңалықтар ТҮРКІСТАН: ЖҰМЫСШЫ ТОП ТӨЛЕБИДЕ БОЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ЖҰМЫСШЫ ТОП ТӨЛЕБИДЕ БОЛДЫ

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ербол Садыр бастаған жұмысшы топ Төлеби ауданына іс-сапармен келді. Топтың құрамында облыстық ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов және аталмыш басқарманың кызметкерлері болды. Жұмысшы топ 3 бағытқа бөлініп, Төлеби ауданындағы алдыңғы қатардағы бірнеше ауылшаруашылық саласындағы нысандарды көріп,  жұмыс барысымен танысты.

Одан кейін аудан әкімідігінің кіші мәжіліс залында қала,  ауданға қарасты ауылдық округ әкімдерімен,  басшылары аудандық ауылшаруашылығы және жер қатынастары, ветеринария бөлімінің басшылары және сала мамандарымен жиын өткізді.

Жиналыста Төлеби ауданында үш жақты келісім мақсатты индикаторларының орындалуы барысы, іске асырылып жатқан жобалар туралы Төлеби ауданы әкімінің орынбасары Сержан Дүйсебаев пен облыстық ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов баяндама жасап жұмыс барысымен таныстырып өтті.

Баяндамадан соң облыс әкімінің орынбасары Ербол Әбілхайырұлы сөз алып, мәжілісте көтерілген мәселенің іске асырылу жолдарын түсіндіріп өтті.