Домой Басты жаңалықтар ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА КӘСІПКЕР ӨЗ ҚАРЖЫСЫ ЕСЕБІНЕН КӨШЕНІ АСФАЛЬТТАДЫ

ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА КӘСІПКЕР ӨЗ ҚАРЖЫСЫ ЕСЕБІНЕН КӨШЕНІ АСФАЛЬТТАДЫ

Төлеби ауданы Ленгір қаласы Қ.Ешенқұлұлы көшесінің тұрғындары үшін жомарт кәсіпкер Ғабит Ешенқұлов көшеге жаңа асфальт төсеп берді.
Ол өз қаржысы есебінен халық игілігі үшін 2018 жылы Ленгір қаласы Қ.Ешенқұлұлы көшесі бойындағы көпірді жаңалап салса, биыл 1 шақырымды құрайтын жолды жөндеуден өткізді.
Көшенің гүлденуіне сүбелі үлес қосып жүрген кәсіпкерге тұрғындар ризашылықтарын білдіруде.
Айта кетейік, 2019 жылдың 22 мамырында өткен аппараттық мәжілісте Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев «Облысымызда көптеген бизнесмендер «сауапты істер» жасауға жиі ниет білдіріп жатады. Олардың кейбіреулері тек мешіт салуды ғана «сауапты іс» деп санап, мешіт тұрғыза бастайды. Әрине, қажеттілік бар жерлер болса мешіт салынуы керек. Бірақ, «сауапты іс» жасау үшін тек қана мешіт салу міндетті емес. Мектептер, ауруханалар, жол салу, көпір салу секілді қоғамға пайдалы кез келген іс сауапқа жатады»,- деп айтып өткен болатын.
Осы орайда Төлеби ауданының ауқатты кәсіпкерлері тарапынан мұндай бастамалар жалғасын табатын болады.