Домой Білім ТҮРКІСТАН: ҮЗДІК ОҚЫРМАН ОТБАСЫ – ОРДАБАСЫДА!

ТҮРКІСТАН: ҮЗДІК ОҚЫРМАН ОТБАСЫ – ОРДАБАСЫДА!

«Балалар кітапханасы» аясында «Оқуға құштар ұлт» жобасын жандандыру мақсатында ұйымдастырылған «Ең үздік оқырман отбасы» атты аудандық байқау өтті. Мақсат – баланың кітап оқып ой-өрісінің кеңеюіне, жан жақты дамуына кітап кейіпкерлерінің мінез-құлқындағы жағымды тұстарын бойына сіңіруіне, көркем әдебиетке, кітапқа деген қызығушылығын қалыптастыратын ең үлкен тәрбие құралы жақсы кітаптарды оқуына, отбасылық кітап оқу дәстүрін жаңғырту. Аймақтық іріктеуден аудандық сайысқа жеті отбасы қатысты.

Сайысқа қатысқан ата-аналарға өз алғысын білдірген әділ қазылар алқасының төрағасы «Қызмет», «Ақылдым» журналдарының редакторы Бейсенкүл Нарымбетова, жүлделі орын иегерлеріне Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыстады. Байқау қорытындысы бойынша Б.Оңтаев атындағы ЖББМ Тұрсынбек Әйгерім, «Бәйтерек» ЖББМ ата-аналары Мырзаханова Наргиза «Көркем сөз шебері», М.Исламқұлов ат ЖББМ Ахмедовтар «Үлгілі отбасы», «Қарақұм» ЖББМ Аманылла «Өнерлі отбасы», «Ордабасы» ЖББМ Мырзахановтар және Е.Ерназаров ат ЖББМ Тілеубердиевтер отбасы жүлделі ІІІ орынға, «Темірлан» ЖББМ Жүзбасаровтар отбасы жүлделі — ІІ орынға, Аманкелді ат ЖББМ Уәлихановтар отбасы жүлделі — І орынға, Қ.Сыпатаев ат ЖББМ Дадахметовтер отбасы – Бас жүлдеге ие болды.

Ұлтымыздың ой-өрісін дамыту мен шығармашылық, әлеуметтік белсенділігін арттырудың қуатты құралы болып табылатын кітап оқуды дамыту үшін жанұямен кітап оқу дәстүрін қайта жаңғырту, отбасындағы балалардың жан-дүниесінде рухани ізгілік пен кітап оқуға деген қызығушылықты ояту. Отбасы мүшелерінің кітап оқу мәдениетін қалыптастыру.

  Байқау ( оффлайн режимінде) үш кезеңнен тұрды.

  І кезең – мектепішілік кезең (наурыз-сәуір айлары)

Оқуға ұсынылған кітаптар:

1. Ы.Алтынсарин « Бір уыс мақта» қазақ әңгімелері

2. Ә.Файзуллаұлы «Күй таңдаған күшік» әңгімелер, ертегілер, пьесалар

  ІІ кезең – аудандық кезең (мамыр)

1. Әбділдабек Салықбай «Айдана мен Ақжолтай»

2. Ақселеу Сейдімбек «Алпамыс батыр» эпостың баяны

  ІІІ кезең – облыстық кезең (қыркүйек) (Республикалық отбасы күніне орай)

Үш кітапты да оқу міндетті.

1.Толымбек Әбдірайым «Алабұға аулаған күн»

2. Валерий Кастрючин «Ержүрек құмырсқа»

3. Әлем халықтарынан ORDA ертегілері

  Байқауға аудандық (қалалық) кезеңнің жеңімпаздары қатысты.

  Байқауда қатысушылар берілген кітаптардың мазмұны бойынша 8 бөлімнен тұратын тапсырмаларды орындайды.

  «Маған ұнаған…!» — авторға, кітапқа, мазмұнға, кейіпкерге қатысты өз сезімін, шынайы лебізін білдіру.

  Берілген әдеби шығармадан алынған «Өзекті дәйексөз».

  «Оқыңыз-айтыңыз» – байқауға кітаптың мазмұнын айтудан әр топтың топ басшылары қатысып, өзара жарысады.

  «Жалғасы бар…» — оқыған кітабыңыздың жалғасын табыңыз немесе автор ретінде өзіңіз кітапты қалай аяқтар едіңіз?

  «Кітап мазмұнында кездескен дауыстар» – әр түрлі шу мен дыбыстарды қолдана отырып, мәтінді оқып, кітапты дыбыстаңыз.

  «Біз оқимыз және сурет саламыз» — әдеби шығармадағы ең жақсы сурет.

  Үй тапсырмасы «Театрлық көрініс» — байқауға қатысатын жанұя берілген кітаптан үзінді дайындайды.