Сауран аудандық білім бөліміне қарасты Қ.А.Ясауи атындағы жалпы білім беретін мектептің тарихы, тыныс-тіршілігі, ұстаздар мен оқушылардың жетістіктері туралы айтатын боламыз.
Мектеп ашылғалы бері қаншама ұлағатты ұстаздар ел перзенттеріне білім нәрін берді және өздерінің міндеттерін абыроймен атқарды. Атап айтсақ, Э.Абдувахабов, Д.Ташбаев, Б.Мамадияров, Ш.Маннапов, В.Мамадазимов, М.Турсунова, К.Жалалова, З.Закиряева, А.Абдураззакова, М.Дузбаева, К.Абдукаримова, Э.Саитова, М.Сиддиқова, Б.Румханов, Р.Мавлянов, Р.Сайдакбарова, Ф.Ахирова және т.б. мұғалімдердің жас ұрпақтың сапалы білім алуына қосқан еңбектері мақтауға лайықты.
Еліміздегі ертеңгі тізгін ұстар, Отанын ғаламдық дамудың көшінен қалдырмай өрге шығарар азамат тәрбиелеу ұстаздарға жүктелген аса маңызды да жауапты міндет. Осы жауапты міндеттің үдесінен табылып, жаңа заманның ауыр жүгін қайыспай көтере білген ұстаз, басшы Шакирхан Садиков 2022 жылдан бастап Қ.А.Ясауи атындағы жалпы білім беретін мектептің директоры қызметін атқарып келеді.
Мектептің педагогикалық ұжымы оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беруде тынбай еңбек етіп келеді. Мектептегі педагогикалық ұжым мектептің оқу-тәрбие үрдісіне жаңа мазмұн беру арқылы жан-жақты дамыған, жеке тұлғаны тәрбиелеу мәселесі бойынша тәрбие мен білімді ұштастырып, шығармашылықпен жұмыс атқаруда. Атап айтар болсақ, бұл білім ошағында 141 ұстаз еңбек етеді.
Мектеп оқушылары мұғалімдердің ізденімпаздылығы мен еңбектерінің арқасында халықаралық, республикалық, облыстық, аудандық олимпиадалар мен байқаулардың жеңімпаздары атанып келеді.
Аталмыш мектеп мұғалімдері ізденуді тоқтатпай өз білімдерін ұдайы шыңдап, шәкірттерімен бірге биік шыңдардан көрініп келеді. Осы орайда мектеп басшысы Шакирхан Садиков жетістік биігінен көрінген оқушылар мен ұстаздар туралы өз ойын жеткізді.
— 2022-2023 оқу жылы – біздің мектеп үшін табысты жыл болды десек, артық айтқанымыз емес. Осы бір жылдың ішінде мектеп жетістіктерін атап өтетін болсақ, дене шынықтыру бойынша 8 сынып оқушысы Шодиена Дилмуратова еркін күрестен 1-орын иеленіп, облыс жүлдегері атанды. 9-сынып оқушысы Оғабек Ирискулов еркін күрестен 1-орын иеленіп, облыс жүлдегері атанды. 11 сынып оқушысы Асилбек Ирискулов еркін күрестен 1-орын иеленіп, облыс жүлдегері атанды. 5 сынып оқушысы Нурсултан Сайтмухтар еркін күрестен 1-орын иегері атанды. 7 сынып оқушысы Райхана Азаматова самбодан республика бойынша 3-орынға қол жеткізсе, 6 сынып оқушысы Асадбек Юлдашев стол теннисінен аудан, облыс, республика көлемінде де 1-орынды қанжығасына байлап, мектеп мерейін асырды.
«Мың бала» республикалық байқауының «Өнерлі өрге жүзер» бағыты бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Нышанкүл Жақыпбекованың оқушысы Отабек Шомитдинов 1-орынды иеленді.Сонымен қатар жалпы білім беретін пәндер бойынша өткізілген пәндік олимпиаданың республикалық кезеңінен Мархила Абдазимованың оқушысы Шодиана Амирдинова 1-орынды иеленіп мектебіміздің абыройын жоғарыдан көрсетті.
Мектебімізде 2023– 2024 оқу жылында республикалық пәндік олимпиадаға қатысқан оқушылардың жалпы саны 178. Оның ішінде: аудандық кезеңге жолдама алғандары 49, аудандық кезеңде 1-орын алған 3 оқушы, 2-орын алған 6 оқушы, 3-орын алған 19 оқушы болды. Ал, облыстық кезеңге жолдама алған 2 оқушы облыстық кезеңнің қорытындысы бойынша (жүлделі орындар) ІІ, ІІІ орын иеленді.
2023-2024 оқу жылында бірқатар оқушыларымыз зияткерлік сайыстарға, байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Атап айтсақ, 10 сынып оқушысы Отабек Шомитдинов (жетекшісі Нышанкүл Жақыпбекова) «Жарқыра – жас дарын» аудандық, облыстық, республика кезеңіне қатысып, 1 орынды иеленді. 10 сынып оқушысы Умида Ашрафова (жетекшісі Хусниобод Бабашева) «Менің кіші Отаным» байқауына қатысып, 3 орын иеленді.
10 сынып оқушысы Амирдинова Шодиена (жетекшісі Абдазимова Мархила) «Ақберен», «Ильяс оқулары» байқауларына қатысып, 2 орынды иеленді. 5 сынып оқушысы Нурзада Маматрасулова (жетекшісі Айгуль Жанатаева) «Тіл – мемлекет тәуелсіздігінің нышаны» байқауына қатысып, жүлделі 2 орынға қол жеткізді. Сондай-ақ, 6 сынып оқушысы Шахризада Курбантаева (жетекшісі Айгуль Жанатаева) «Балалар оқулары» облыстық байқауына қатысып, 2 орынды иеленді. Сонымен қатар, 6 сынып оқушысы Сарвигул Ирискулова (жетекшісі Айгуль Жанатаева) «Тіл – мемлекет тәуелсіздігінің нышаны» байқауында жүлделі 1 орынды қанжығасына байласа, 6 сынып оқушысы Шахризада Курбантаева (жетекшісі Айгуль Жанатаева) «Балалар әлемі» аудандық байқауына қатысып, 1 орынды иеленді.
Ал, «Жас математик» байқауында 5 сынып оқушысы Ферузшох Авазов (жетекшісі Матлюба Абдуразакова) 2 орынды, 5 сынып оқушысы Мадинабону Нуритдинова (жетекшісі Матлюба Абдуразакова) 2 орынды, 9 сынып оқушысы Шохиста Узбекова (жетекшісі Матлюба Абдуразакова) 3 орынды, 5 сынып оқушысы Намуна Иззатуллаева (жетекшісі Матлюба Абдуразакова) 2 орынды иеленді.
Қазіргі уақытта мектеп реформасына көптеген біржақты өзгерістер енгізіліп, мектеп ісінің ішкі-сыртқы жүйесі түгелімен жаңаруда. Жаңалыққа сілтеме жасайтын, бағыттайтын, әрине, мектеп директорының орынбасарлары, атап айтсақ, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары Ш.Рахимов, З.Шажалиева, Д.Ходжаев, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Ж.Эрниязов, В.Мавлянова, мектеп директорының бастауыш сынып бойынша оқу ісі жөніндегі орынбасары К.Мирхайдарова, директордың бейіндік оқыту ісі жөніндегі орынбасары М.Юлдашева, мектеп кәсіподақ комитеті төрағасы Ғ.Азизов, қосымша білім беру педагогі Ю.Мусаева, әлеуметтік педагог И.Садыкова, педагог–психолог Н.Темирбаевалар оқыту мен білім беру тәжірибесінде педагогикалық үрдістің сапасын үнемі арттыруды қадағалап отырады.
Бүгінгі таңда мектепте бастауыш сынып мұғалімдері Х.Артикбашова, Ф.Хажиева, Ф.Ахирова, Д.Минбаева, М.Тажиметова, К.Мирхайдарова, М.Худайбергенова. Г.Ахмедова, М.Шарапова, Ш.Сайдакбарова, С.Усманова; қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімдері А,Жанатаева, М.Абдазимова, Н.Жақыпбекова, дене шынықтыру пәні мұғалімдері А.Сапаров, Б.Нарметов, С.Юсупов, А.Мухаммедов және т.б. мұғалімдердің оқушылардың сапалы білім, өнегелі тәрбие алуларына қосып отырған еңбектері орасан зор,-дейді мектеп директоры.
XXI ғасыр — бәсеке ғасыры. Ойы жүйрік, ақылы жетік, бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім жеке тұлғаны тек қана жаңа тұрпатты педагог қалыптастыра алады. Ендеше, ұлағатты ұстаздар білімдеріңіз бен қажыр-қайраттарыңызды кемелденген рухани- адамгершілікті тұлғалы шәкірттерді тәрбиелеу жолында аянбай еңбек ете беріңіздер, — деген ақ тілектеміз.
Ләззат САРЫБАЕВА.