Домой Білім ТҮРКІСТАН: МЕЙІРБЕКОВТЕР ӘУЛЕТІ — БІЛІМ БИІГІНЕ ШЫҚҚАН ӘУЛЕТ

ТҮРКІСТАН: МЕЙІРБЕКОВТЕР ӘУЛЕТІ — БІЛІМ БИІГІНЕ ШЫҚҚАН ӘУЛЕТ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында кәсіби маманның қадірін білу керек екенін, еңбекқор адам мемлекетті дамытатынын баса айтты. «Елімізде еңбекқор адам, кәсіби маман ең сыйлы адам болуға тиіс. Осындай азаматтар мемлекетімізді дамытады. Мен Ұлттық құрылтайда және «Жастар рухының» съезінде бұған арнайы тоқталдым. Біз қарапайым еңбек адамына құрмет көрсетуіміз керек. Қандай кәсіппен айналыссаң да, оны сапалы атқару маңызды. Жастар нақты бір мамандықтың қыр-сырын жетік білуге ұмтылғаны жөн. Өз саласының шеберіне әрдайым сұраныс болады. Өскелең ұрпақ Қазақстанда ғана емес, өзге елдерде бәсекеге қабілетті болуы керек. Көрші мемлекеттің азаматтары шетелге барып, жұмыс талғамай еңбек етіп жатыр. Олар біздің елде де өте жақсы табыс тауып жүр. Дәл осындай жандардан үлгі алу керек. Шын мәнінде, ең бастысы – адал еңбек. Біз мұны жете түсінетін ұрпақ тәрбиелеуге тиіспіз. Идеология жұмысында осыған баса мән берген жөн», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сауран ауданы Ибата елді мекеніндегі Мейірбековтер әулеті еңбегімен ел-жұртқа сыйлы жандар. Жаңа Иқандағы Мейірбековтер әулетін білмейтіндер некен-саяқ. Әулеттің үлкені Мейірбек ақсақал беделді, көзі ашық, сол кездегі шаруашылықты, колхозды басқарған екен. Кездесе қалған жастарға «Әсемсің бе, әлде пәсеңсің бе?» деп сұрақ қояды екен. Әсем болсаң, көзі ашық, оқыған ширақ боласың. Пәсең болсаң қолынан ешнәрсе келмес деп отырады екен. Осы Мейірбек ақсақалдан Адырбек, Қамбашбек, Жандаштан үш атадан тараған ұрпақ өңірге белгілі. Себебі, бәрі де бесіктен белдері шыға колхоз шаруашылығына араласып, аянбай еңбек етті. Еңбек арқылы есейген аталары «Асыл ердің сыбағасы – адал еңбек» деген қағиданы ұстанған екен.

Алдымен әулеттің үлкені Әнуарбек Адырбекұлы Мейірбековке тоқталсақ. Ол 1961 жылы Жаңа Иқан ауылында дүниеге келген. Мектеп бітіре салысымен колхоз жұмысына бел шешіп араласты. Әнуарбек тірлікке ширақ, істің көзін тауып, кез келген қиын тапсырманы орындап көзге түсе бастады. Колхоздың тұрмыс-тіршілігімен біте қайнасып өзіне тапсырған жұмысты тап-тұйнақтай етіп орындайтын. Келіншегі Гулбайрамен отау құрып 3қыз, 1 ұл, тәрбиелеп барлығын құтты орнына қондырды. Сандуғашы Рысжанмен Төрткүл ауылында тұрады. Гүлданасы дефектолог мамандығын алып мектепте мұғалім. Гүлзинасы ағылшын пәнінің мұғалімі. Ұлы Орынбек пен келіні Ләззаттан Зере атты немересі бар. Нанын адал еңбекпен тауып, еңбек арқылы есейген азамат, әулетінің ақылшысы.

Одан кейінгі Дәуренбек Адырбайұлы Мейірбеков1964 жылы Жаңа Иқан ауылында дүниеге келген. Мектеп бітіре салысымен жүргізуші мамандығын алып жұмысқа кірісті. 1982 жылы әскери борышын өтеп Жаңатас қаласындағы 4-АТП-да жұмыс істеді. 1989 жылы Ұлжалғаспен отбасын құрды. Екеуі 5 қыз, 1 ұл тәрбиелеп отыр. Үлкен қызы Айсұлу Түркістан пед.колледжін, Шымкенттегі «Мирас» университетін бітіріп, № 52 мектеп- лицейінде абыройлы жұмыс атқарып жүр. Ақеркесі Түркістан пед.колледжін бітіріп Оңтүстік-Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетін оқиды, 5 баласының анасы. Нұрбақыты Шымкент ОҚМПУ-нің дефектология мамандығын бітірген. Ұлданасы Шымкент университеті бастауыш сынып мұғалімі мамандығының дипломын алды. Ұлбосыны тігінші. Тоғжаны М.Сапарбаев институтының ағылшын тілі мамандығын бітірді. Ұлы Арнұр мектеп оқушысы. Дәуренбек пен Ұлжалғас ұл-қыздарын саналы, тәрбиелі болуға баулыды. Ұлжалғас адамдық асыл қасиеттерді бойларына сіңірте білген «Алтын алқа» иегері.

Шара Адырбекқызы Жұманова,1955 жылы Жаңа Иқан ауылында дүниеге келген. «Жаңа Иқан» мектебін 1972 жылы тамамдап, Түркістан қаласындағы «Түркістан педагогикалық училищесіне» оқуға түсті. Оқуын тамамдаған соң 1976-1978 жылдары Кентау қаласындағы Ы.Алтынсарин мектебінде бастауыш сыныпқа сабақ берді.1978 жылы өзінің жары Еділбай Абдуали Толегенұлына тұрмысқа шықты. «Төрткүл жалпы білім беретін орта мектебіне» мұғалім болып орналасты. Жұмыс барысында көптеген жетістіктерге жетті. «Үздік педагог», «Білімді мұғалім», т.б. жетістіктерге жетті. Қазіргі таңда Жұманова Шара Адырбекқызының оқытқан шәкірттері АҚШ-та, басқа шетелдерде жұмыс жасап, еліне елеулі халқына қалаулы азаматтар мен азаматшалар болып жұмыс атқаруда. Жұманова Шара Адырбекқызы 3 ұл, 2 қызды дүниеге алып келген. Үлкен қызы Гулмира Сарыағаш қаласында тұрады. Сарыағаш қаласындағы Орталық кітапханада жұмыс жасайды. Жұбайы Назаров Ербол ішкі саясат бөлімінің бастығы. Баласы Ержан Шымкент қаласында тұрады. Шымкент қаласында медицина саласында қызмет етеді. Келіні Римма-ұстаз. Ұлы Мадияр «Метро» сауда орталығында басшы болып жұмыс жасайды. Гүлнұр келіні де жеке кәсіпкер. Алматы қаласында тұрады. Эльмира қызы Түркістан қаласында тұрады. Жолдасы Самат подполковник. Жанболат ата-анасының қасында қара шаңырақтың иесі болып отыр. Келіні Рахат Төрткүл жалпы орта мектебінде химия пәнінен сабақ береді. Шара Адырбекқызы қазіргі таңда 20немере мен 1 шөберенің әжесі.

Қазіргі таңда Мейірбековтер әулеті республикамыздың түкпір-түкпіріне тарап кеткен. Бұл әулеттің жақсы бір қасиеті аталары «Адамның өмірі жалғасы –артынан ерген ұрпағы. Біздің байлығымыз да барымыз да осылар. Ең бастысы балаларымыз, немере, шөберелеріміз біз көрген ауыртпалық пен қиындықты көрмесін» деп жиі айтып отырады екен. Жақында осы үш атадан тараған ұл-қыз, немере-жиен, шөберелер бас қосып, ұрпақтар сабақтастығы мен олардың арасындағы сыйластық салты көпке үлгі болсын деген ниетпен «Ұрпақтар кездесуін» өткізіп, шежіресін жариялаған. Бұл міне басқа әулеттерге үлгі болатындай ұлағатты шара.

Тубегі ӘЛЖАНҰЛЫ.