Домой Білім ТҮРКІСТАН: БІЛІМІ МЕН БІЛІКТІЛІГІ  ЖОҒАРЫ  ҰСТАЗ

ТҮРКІСТАН: БІЛІМІ МЕН БІЛІКТІЛІГІ  ЖОҒАРЫ  ҰСТАЗ

Сауаттылық адам мен қоғамның жалпы мәдениетінің негізі, әлеуметтік прогрестің маңызды көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Бұл тұрғыда өскелең ұрпаққа білім, таным жолындағы маңызды буыны, ғылым әлеміне жол көрсетуші тұлға – ҰСТАЗ болып есептеледі. Міне, сол ұстаз-педагогтердің қоғамдағы мәртебесі мен беделін арттыру, үздік мұғалімдердің озық педагогикалық іс-тәжірибелерін тарату мақсатында «Ең білімді педагог» байқауы жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып өткізіледі. Ғылым мен инновацияның теориялық және практикалық мәселелерін география, экология, биология, химия саласындағы қажетті жаңашылдықтарды оқыту бағдарламасында кеңінен қолдану өріс алған.

Сол себепті де жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары педагог қызметкерлерінің шеберлігін шыңдауға негізделген «Ең білімді педагог – 2020» IV Республикалық пән олимпиадасына қатысқан №11 «М.Байзақов» атындағы жалпы орта мектебінің география пәнінің мұғалімі Ұлжан Есенбаева жүлделі І орынға ие болды.Қазіргі кезде ғылым мен инновацияның теориялық және практикалық мәселелерін география, экология, биология, химия саласындағы қажетті жаңашылдықтарды оқыту бағдарламасында кеңінен қолдану өріс алды.

«Кәсіби өсу – педагогикалық қызметке жалпы әсер ететін, өзінің жеке-кәсіби әлеуетін ашудың үздіксіз үрдісі. Бұл үдерісте педагогтің өзін-өзі жетілдірудегі жеке қызығушылығы үлкен маңызға ие. Міне, сол жеке қызығушылықтары мен кәсіби біліктіліктерін ұштастыра білген ауданымыздың ұстаздары түрлі байқауларда жеңіске жетіп, мерейімізді үстем етіп жүр. Мұғалім «ХХІ ғасырдың мұғалімі қандай болу керек?» деген сұрақ мені толғандыра бастады. Әлемдегі жаһандану үрдісі еліміздегі күллі салаларына айтарлықтай әсер етуде. Әлем жылдам өзгеруде осы бағытта ұрпаққа білім беруші мұғалім де «ХХІ ғасырда нені оқу керектігін?» ұстазға артқан жүк екенін түсіндім. Заман талабы мұғалімге үлкен жауапкершілік артып, жеке тұлғаны бәсекеге қабілетті, өзіндік пікірін нақты жеткізе білетін, терең білімді үйреніп қана қоймай, үш тілді меңгерту, сол білімін өмірде қолдана білуге талпындыру. Тәуелсіз мемелекетімізде оқыту мен оқуда табысқа жету үшін мұғалім, оқушымен ағылшын тілінде еркін сөйлесуге қолайлы тәсілдерді ұтымды пайдалану қажет. Жаһандану заманында үш тілді меңгерген  білікті ұстазы ғана түрлі  кедергілерді жойып, тығырықтан шыға алады. Қарқынды өзгеріп  жатқан  әлемде  білім  саласындағы, маңызды мәселе болып отырғаны:  “ХХІ ғасыр оқушысы қандай болу керек?”, “ХХІ ғасыр оқушысының мұғалімі қандай болу керек?” деген үш мәселе алдыда тұр. Әлемдік  өркениетке  сай сапалы білім беру және ақпараттық интеллектуалдық ресурстарды өз бетімен ала алатын, талдай білетін, идея бере алатын, үнемі даму үстінде болатын, жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлға қалыптастыру болып тұр. Қазіргі таңда заман талабына сай пән мұғалімі ғана болу аз, мұғалім – ұстаз, иноватор, иннотехник болуы тиіс. Мұғалім өзі  иннотехник дәрежесіне көтерілу  үшін  инновациялық  технологияларды  меңгеру керек. Сабақ ұстаздың  көп  ізденуінен,  көп еңбек етуінен туатын педагогикалық шығарма.  Сабақ  үстінде  небір  күрделі  қиындықтар, әр  түрлі жағдайлар кездеседі.  Шебер ұстаз соның бәріне төтеп беріп, ешқандай әрекетке жол бермей, сабақ үрдісін түрлендіріп отыруы керек. Қазіргі  қоғамдағы  мұғалім  жеке көзқарасы бар, соған қарай жігерлі тұлға, зерттеушілік, ойшылдық, шығармашылық қасиеті бар, әрі оқушысын осы қасиеттері арқылы өз бетінше оқып, ізденіп кеңейтілген білім алуға үйрете алатын маман болуы керек. ХХІ  ғасыр  –  қатаң  бәсеке  ғасыры.  Бұл  ғасыр  –  марғаулықты көтермейтін  ғасыр. Демек,  әлемдік  бәсекелестіктің  жылдам  дамуына ілесе алатындай  білімді  де тапқыр дара тұлғаның тағдыры біздің қолымызға аманат ретінде тапсырылып отыр. Қазіргі  білім  беру саласындағы басты міндет – білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестіру мен оларды жүзеге асыра алатын  жаңашыл мұғалімдерді даярлау. Жаңашыл  мұғалімдер педагогикалық қызметтің барлық түрлерін зерттеп, кез-келген педагогикалық жағдайда өзінің білімділігі, парасаттылығы, ақылдылығы, мәдениеттілігі, іскерлігі, шеберлігі арқасында шеше алатын, педагогикалық үдерістің нәтижесін жақсартуға ұмтылатын жаңашыл әрі шығармашылықпен жұмыс алатын және тұлға болуы керек. Ұлы  ағылшынның  ағартушысы  Уильям  Уорд:  Жай  мұғалім хабарлайды.  Жақсы  мұғалім  түсіндіреді.  Керемет  мұғалім  көрсетеді,  ұлы мұғалім  шабыттандырады, -дейді.

Білім  беру  жүйесі мамандардан кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті қажет етеді.Өйткені қазіргі жас буын-еліміздің келер күнгі келбеті. Бұл  жөнінде Мемлекет басшысы : “Ғасырлар мақсаты- саяси-эканомикалық рухани дағдыларды  жеңіп шыға алатын, ізденген  ХХІ ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру, — деген тұжырым жасады. Ол  үшін  бүгінгі оқу үрдісіне сай педагогикалық шеберлік қажет «Педагогтік шеберлік»- дарынды талант емес, үйрену,ізденудің нәтижесінен  көрінеді. ХХІ ғасырдың білім шамшырағын сөндірмей еліміздің болашағы жас ұрпаққа саналы да сапалы тәрбие мен білім беру әр ұстаздың парызы. Қорыта келе, Елбасымыз үш тілділікті алға тартып достық туын көтеріп отырғаны да тәрбие мен  сапалы білімді оқушыны тәрбиелеп шығару еліміздің ірге тасының берік болу, жаһандану заманында ХХІ ғасыр ұстазының қолында деп білемін. Қандай да бір мамандық өзіңше қызықты да, күрделі. Ал, осы мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандықтың бірі – мұғалім мамандығы. Мұғалім мамандығы киелі де көне мамандықтың бірі. Адамзатты ежелден ойландырып, толғандырып келе жатқан, қоғамдық құрылыс өзгеріп жатса да, қажеттігін жоймайтын маңызды мәселе-жас ұрпақты өмір сүруге дайындау. Бұл қиынның-қиыны. Себебі, әр адам-қайталанбас жеке тұлға. Бүгінгі мұғалімнің мақсаты бәсекеге қабілетті өмір сүре алатын білімді, жаңадан танымы бар, білімге деген қызығушылық деңгейі жоғары, экономика деңгейіне шыға білетін ұрпақты тәрбиелеу қажет. Иә, бұл кез-келген мұғалім қолынан келе бермейтін қасиет. Тек қажырлы да, өз жұмысын жақсы көретін, өз оқушыларын биік шыңға жетелегісі келетін ұстаздың қолынан келеді. Кейде, “мен шаршадым, мына дәптер, мына қағаз” сөздерін өз құлағымен естігенде, көңілім түсіп, мынадай мұғалімнен не болады, деп ойлап жатасын. Төзімділік – адам бойындағы жақсы қасиеттерінің бірі. Төзімді болғанда ғана жақсы бір нәтижелерге жеттуге, нақты дұрыс шешем қабылдауға болады. Қазіргі білім беру үрдісінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағдар алынған. Сондықтан әр ұстаз жан-жақты, әлеуметтік және кәсіби белсенді тұлға қалыптастыру үшін балалардың танымдық, коммуникативті және тұлғалық қасиеттерін дамытуға бағытталған оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері мен түрлерін белсенді қолдануды талап етеді. Әр адамның мақсаты бар, өскелең ұрпаққа бүгінгі күні тиімді білім беріп, оларды өз Отанның ұлдары мен қыздары бола алатындай етіп тәрбиелеу, ал бұл мақсаты орындауда мен жаңа әдістерді танып, жинақтауда еңбек ету ұстаздардың мойынында» дейді Жетісай ауданы Білім бөлімінің басшысы Тұрсынбай Мырзалиев.

Жаңашылдықтардан шет қалмай, тынымсыз ізденіс пен білімдерін жетілдіріп отыратын ұстаздарымыздың білім берудегі жаңартылған мазмұны әр баланың түрлі пәндерді оқуына көмектесіп қана қоймай ой ұшқырлығын да дамытады, тұлғалық сипаттамаларын қалыптастырады. Бұл шыңдалудың жемісі оқушылардың жасөспірім кездері мен ересек өмірлерінде қажет болары даусыз.