Домой Білім ТҮРКІСТАН: «БІЛІМ ҮЗДІГІ» АТАНҒАН БІЛІКТІ ҰСТАЗ

ТҮРКІСТАН: «БІЛІМ ҮЗДІГІ» АТАНҒАН БІЛІКТІ ҰСТАЗ

Адамның адам болып қалыптасуына ата-анамен қатар, ұстаздың да рөлі маңызды. Ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы «Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі, ұрпақты ұстаз тәрбиелейді. Болашағымыздың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді емес пе. Өмірге ұрпақ берген аналарды қалай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да солдай ардақтауға міндеттіміз» деген. Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам – мұғалім.

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты – бәсекеге қабілетті маман дайындау болып табылады. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі – мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс – оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау – әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті.   «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» дегендей, ел ертеңі болып табылатын ұландардың бойына білім мен өнерді, адамгершілік пен адалдықты, туралық пен шыншылдықты, рухани байлық пен ұлттық қасиеттерді сіңіріп, оларды тұлғалы азамат етіп қалыптастыруда өзіндік үлесін қосып жүрген ардақты ұстаздарымыздың бірі Түркістан қаласы, «Бауыржан Момышұлы атындағы №22 жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Жанат Ханділлә Ділдәбекқызы. Жанат ұстазымыз 1971 жылдың 27 қазанында Түркістан қаласында дүниеге келген.  №9 Н.А.Некрасов атындағы орта мектепті аяқтағансоң, 1989-1994 жылдар аралығында С.Сейфуллин атындағы Ақмола мемлекеттік педагогикалық институтында оқып, орыс тілі мен әдебиет мұғалімі мамандығының үздік дипломын алған.Өзінің еңбек  жолын 1994  жылдың тамыз айында Түркістан қаласы,  Абай атындағы орта мектебінде мамандығы бойынша жұмыс істеп, аталған мектепте директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, мектеп директоры қызметін де атқарған. 2011 жылдың қыркүйек айынан бастап аталмыш мектепте директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келеді.

Жоғары білікті маман Жанат Ділдәбекқызы жеткен жетістіктері мемлекет тарапынан бағаланып, көптеген марапаттауларға ие болған білікті ұстаз. 2016-2022 жылдар аралығында облыстық «Білім үздігі», «Білім шыңы», «Кәсіподаққа қызметі сіңген қызметкер» деп аталатын төс белгілерге ие болған. 2018-2020 жылдарда республикалық «Өрлеу» мұғалімдердің біліктілігін арттыру институтының құрмет грамоталары, облыстық «Үздік мұғалімдер»кітабына ену, Daryn.online білім беру платформасы мен Qaztest.kz олимпиада сайты бірлесіп өткізген І Республикалық  «Кемеңгер ұстаз» олимпиадасының І дәрежелі дипломдарын алған. Жанат Ділдәбекқызы – инновациялық басқаруды меңгерген, ынтымақтасқан ортада бірлескен жұмысты істей алатын іскер басшы. Жұмыс барысында бойынан қайсарлық пен сезімталдық, өжеттілік пен кеңпейілдік айқын көрініп тұрады. Ұжымда, оқушылар арасында өзінің парасаттылығымен, білімділігімен беделге ие. Ұлағатты ұстаздық жолында әрбір шәкірттерінің жүрегіне жол табұға әріптестерін жетелей білетін көшбасшы ұстаз. Сонымен қатар, Жанат ұстаздың жолын қуған оқушылары бірнеше халықаралық, облыстық жарыстардың иегерлері, білім грантының иегерлері атанған. 2020 жылы Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің алғыс хаты, қалалық семинарларда Түркістан қаласы әкімдігінің білім бөлімінің мақтау қағаздары, Түркістан облысының адами әлуетті дамыту басқармасының Құрмет грамотасы, Қазақсан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында білімді қамтамасыз ету Комитетінің алғыс хаттарымен марапатталған. Жанат Ділдәбекқызы ұстаздық жолында оқушыларының танымдық қызығушылығын арттырып, оқушылардың ой – өрісін, дүниетанымын кеңейтуді басты мақсат тұтқан. Алған білім негізін дамыта отырып оқушының шығармашылық деңгейін шыңдап, жетістіктерге жетуіне әрдайым көмектесуге дайын.

«Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, тәлім-тәрбие, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Тәуелсіз ел атанып, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы – жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуі қажет. Осы егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке апарар жолдың бастауы – мектеп десек, мектептің басты тұлғасы – мұғалім. Адамның адам болып қалыптасуына ата-аналармен қатар, мұғалімнің де рөлі зор. Осы ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы “Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді… Өмірге ұрпақ берген аналарды қалай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да солдай ардақтауға міндеттіміз” деген. Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам – мұғалім.  “Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға” дегендей, ел ертеңі болып табылатын ұландардың бойына білім мен өнерді, адамгершілік пен адалдықты, туралық пен шыншылдықты, рухани байлық пен ұлттық қасиеттерді сіңіріп, оларды тұлғалы азамат етіп тәрбиелеуде ұстаздың орны бөлек. Ұлы тәлімгерлердің жолын жалғастыра отырып, жаңашыл тәлімгер болмысын сомдар болсам, біріншіден , тәлімгер-үздіксіз ізденуші. Кез келген тосын сұраққа жауап беріп, кез келген ситуациядан шыға алатын білімдар жан. Ізденіс негізінде ол әрқашан теориялық білімін кеңейтіп, методикалық шеберлігін арттырады. Тәлімгер- еркін шығармашылық иесі. Оны үйрете жүріп үйренуші деуге әбден болады. Өз бетінше іздене жүріп әрекетіне сараптама, талдау жасаумен қатар шығармашылығын да шыңдай түседі. Шығармашылықпен айналысатын өзге тәлімгерлер еңбегімен таныса жүріп, өзінің де шығармашылық , ізденіс жұмыстарымен бөліседі.  Тәлімгер –жетелеуші, алға ұмтылдырушы. Әр баланың табиғи дарынын дер кезінде тани біліп жетілдіруші. Алдына қойған мақсаты айқын, ісіне сүйіспеншілікпен, жауапкершілікпен қарайтын осынау тәлімгер бойынан байқағыштық, төзімділік, өз ісіне деген ерекше ілтипат пен мықты сенімділік төгіліп тұрады. Тәлімгер-бұл  сөз, менің түсінігімше адам тәрбиелеу, болашағымыздың бастауын тәрбиелеу деген ұғымды білдіреді. Тәлімгер деген құрметті атаққа ие болудың өзі -бір бақыт. Тәлімгер-өмірлік тәжірибесі мол, нағыз еңбекқор, ізденімпаз, ұшқыр ойлы маман. Нағыз мықты тәлімгер ғана салауатты да, саналы, рухани бай, жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыра алады. Тәлімгер – тәлім- тәрбие беріп, бағыт-бағдар көрсетуші, бар адами қасиеттерді бойына жиған талантты адам. Бүгінгі таңдағы тәлімгердің жан-жақты дамыған, жеке тұлға қалыптастыруда атқарып жатқан еңбектері ұшан-теңіз. Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше мейірімділікті қажет ететін мамандық- ұстаздық мамандық. Олай дейтінім, ұстаз жүгі – ауыр жүк.  Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау — әр мұғалімнің борышы. Ол — өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам.Осы іске деген қызығушылық пен сүйіспеншілік қана оны небір қиын әрекеттерге жетелейді, іске батыл кірісуге септігін тигізеді. Нәтижесінде бір емес, бірнеше жас жүрекке мәңгі ұстаз болып қалады. Нағыз шебер ұстаз болу үшін уақыт пен ыждағатты еңбек, балаға деген сүйіспеншілік керек. Осы ұлағатты жолда ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уордтың мына сөздерін өзіне басшылық алатын : «Жай мұғалім хабарлайды, жақсы мұғалім түсіндіреді, керемет мұғалім көрсетеді, ұлы мұғалім шабыттандырады».  Айтқан ақылдарының бәрін  әрдайым жадымда ұстап, саналы ұрпаққа, сапалы білім мен тәрбие беру жолында еңбегімді аямай тер төгемін. Тәжірибелі мұғалімнен тәлім – тәрбие алған, ең бақытты ұстазбын деп есептеймін» дейді ұстаз.