Домой Білім ТҮРКІСТАН: БІЛІМ БЕРУДЕ КИБЕРҚАУІПСІЗДІК ҚАРҚЫНЫ ЗОР

ТҮРКІСТАН: БІЛІМ БЕРУДЕ КИБЕРҚАУІПСІЗДІК ҚАРҚЫНЫ ЗОР

Түркістан облысының тұрғындарының назарына білім бағытындағы ақпараттық қауіпсіздік және киберқауіпсіздік бағыты туралы ақпараттарды ұсынамыз. Бүгінде білім беру бағдарламалары мен кәсіби стандарттарға ревизия жүргізіліп, ақпараттық қауіпсіздік саласында даярланатын мамандардың саны мен сапасы артуда. Осы салада жұмыс істеп жүрген қазіргі қызметкерлердің біліктілігін арттыру қамтамасыз етіліп, отандық зерттемелер жасауда өнеркәсіп пен ғылым арасындағы өзара іс-қимыл мен кооперациялаудың тиімді схемасы бір жолға қойылады.

Ал екінші кезеңде қазақстандық IT-компаниялардың ұлттық ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды ақпараттық қауіпсіздік жүйелерімен қамтамасыз етуге негізді түрде қатысуын, отандық электрондық өнеркәсіп кәсіпорындарын мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордың ел аумағында телекоммуникациялық жабдық сатып алуына тапсырыстармен жүктеуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. «Киберқалқан» жүйесін Ұлттық қауіпсіздік комитеті дайындаған. Бұл жоба тек мемлекеттік жүйені бақылауға алатын болады. Ал банктер, компаниялар мен кәсіпкерлер кибершабуылдарға өздері тойтарыс беруі қажет екенін айттық. Статистика еліміздегі әрбір үшінші компьютерде вирус барын білдіріп отыр. Соған қарап, жақын уақытта киберқылмыстың бетін қайтару мүмкін еместігін болжау қиын емес. «Қазақстанның киберқалқаны» жобасының бірінші кезеңінде ақпараттық қамтамасыз ету саласындағы белгіленген талаптарды сақтаудың толық құқықтық тәжірибесі қалыптасып, білім беру бағдарламалары мен кәсіби стандарттарға ревизия жүргізіліп, киберқауіпсіздік саласында оқытылып жатқан мамандардың саны мен сапасы артуда.

Киберқауіпсіздік тұжырымдамасы, яғни «Қазақстанның киберқалқаны» жобасын әзірлеу кезінде  Малайзия, Сингапур, ұлы Великобритания, Германия, Чехия, Франция, Литва, Эстония, Финляндия, Швеция, Швейцария секілді елдердің халық­ара­лық тәжірибесі зерделенді. Тұжырымдаманың мақсаты жаһандық бәсекелестік жағдайларында Қазақстан Республикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ететін, электрондық ақпараттық ресурстардың, ақпараттық жүйелер мен ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның сыртқы және ішкі қауіптерден қорғалуына қол жеткізу және сол деңгейде ұстау болып табылады.

Білім беру ісін цифрландырудың оң және теріс жағы да бар екенін айту керек. Осы ретте түркістандық оқырмандарымыздың назарына білім саласын жетілдіру жолында цифрландыру бағдарламасының бағытын ұсынамыз. Оқушыны өз бетінше білім алуға ынталандыру, қағазбастылықтан құтылу, үнемділік жағынан алғанда бұл тиімді әрі ыңғайлы. Педагогтердің жұмысын әсіресе психологиялық тұрғыдан жеңілдетеді. Әдетте мұғалімнің уақытының көбі әр оқушымен жеке жұмыс жасауға жұмсалатын болса, цифрландырудың көмегімен оқушыға тек бағыт-бағдар беруге, кей мәселелерде ғана көңіл бөлуге болады.

Қазір білім беру ісіндегі цифрландырудың қарқындылығы сонша, интернет-технология ғылымның барлық саласын асқан жылдамдықпен дамыту үстінде. Жаңа ақпарат тез тарап, жаңа құрылымдар жасалуда. Мұның барлығы білім алу жолында ықыласты адамға ақпарат аштығын тудырмайды.

Қауіп-қатер неде? Ғалымдардың пайымдауынша, электронды нұсқаның тым құрғақ болатыны сонша, әбден іш пыстырарлық ақпаратқа үйренген бала психикасы шығармашылық тұрғыдан дамуға ұмтылмайды екен. Барлық ақпаратты дер кезінде интернеттен алу оқушының ойлау қабілетін әлсіретіп, барлық сұрақтың жауабы дайын тұрғандықтан, қандай да бір мәселені өзінше шешуге талпынысын төмендетеді. Бұның тек балаға ғана емес, үлкен адамға да әсері бар.

Мектеп адаммен, қоғаммен қарым-қатынастың көзі болса, ақпараттық жүйе арқылы білім алу оқушының әлеуметтенуіне және тұлғалық дамуына кері әсер етеді. Сондай-ақ білім беру саласының цифрлануы көздің көру қабілетін төмендетіп, ұсақ моторикалардың дамуына теріс әсер ететіні де мамандар тарапынан соңғы уақыттары жиі айтылып келеді. Қазір бұл мәселелерді шешудің және барынша қауіпсіз болуын қамтамасыз ететін жаңа технологиялар жасалу үстінде. Сондықтан ғылым, техника дамыған сайын білім беру ісіндегі цифрландыру да дамудың жаңа деңгейіне көтеріле беретіні даусыз.

Жақында біздің Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің жанынан Сеултех жасанды интеллект және информатика жоғары мектебі ашылғаны белгілі. Корея мен Қазақстан арасында жоғары білім беруде екіжақты ынтымақтастықты ілгерілетуге бағытталған бұл Халықаралық ынтымақтастық бойынша жетекші университеттік жоба болашақта жасанды интеллект, киберқауіпсіздік және информатика саласына кадрлар дайындайды. IT технологияларға қолжетімділікті қамтамасыз етуде бұл жаңалық, ынтымақтастық аймағымыз ғана емес, Қазақстанның болашақ технократ мамандарын даярлау ісінде ең үлкен табысымыз болады деп есептейміз.

Цифрлік сауаттылық – бұл адамның өмірдің барлық салаларында цифрлік технологияларды сенімді, тиімді, сыни және қауіпсіз қолдануға дайындығы және қабілеті. Цифрлік сауаттылық – ақпараттық қоғамдағы қауіпсіздіктің негізі, ХХІ ғасырдың ең маңызды білімі. Цифрлік сауаттылықты қалыптастыру оқырмандық, математикалық және жаратылыстану сауаттылығымен тең дәрежеде назар аударылуы керек.

Расымен де, адамзат қауымы жыл санап емес, ай санап, тіпті апта мен күн санап цифрландыру заманының сиқырлы әлеміне еніп барады. Цифрландыру технологиялары дегеніміз – бұл бұрын-сонды адамзат бастан кешпеген ғажайып әлемнің жаңа құралдары. Қазіргі күні бұл технологиялар жасақталу үстінде. Олар қазірдің өзінде біз тамсанып айта беретін ақпараттық технологиялардың өзін жолда қалдыра бастады.

Заманауи технологиялар біздің өмірімізге тұрақты түрде енгізілуде, «Цифрлік» тұжырымдамасын тек ғылыми конференцияларда ғана емес, күнделікті өмірде де жиі кездесетін болдық. Кейбір адамдар әлі күнге дейін цифрлау үрдісінің артықшылықтары мен кемшіліктері туралы пікірталастарда. Цифрландыру процесті және өндіріс кезеңдерін толық автоматтандыруды, өнімнің дизайнынан бастап, оны түпкілікті тұтынушыға жеткізумен аяқтауды, сондай-ақ кейіннен өнімге техникалық қызмет көрсетуді білдіреді.

Ғылымның қарқынды дамуы барысында көптеген корпорациялар өндірістің барлық деңгейлерінде жаңа технологияларды қолдана отырып жұмыс істеуге дайын қызметкерлерді талап етеді және арнайы дағдыларға ие емес қызметкерлер қажеттілігі артта қала беруде. Осы проблемаларды шешу, әрине, білім беру процесін қайта жаңғыртуды талап етуі тиіс.

Цифрландыру тікелей бұрын қол жетімді болмаған жоғары оқу орындары мен мектептер үшін ашылатын цифрлік технологияның оқу құралдарымен байланысты. Олардың ішінде онлайн оқу аса ерекшеленеді.