Домой Білім ТҮРКІСТАН: БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ 2024 ЖЫЛЫ АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР ЖӨНІНДЕ ЕСЕП БЕРДІ

ТҮРКІСТАН: БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ 2024 ЖЫЛЫ АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР ЖӨНІНДЕ ЕСЕП БЕРДІ

Түркістан облысында жалпы 1082 орта білім беру мекемесінде 554 753 оқушы (мемлекеттік 915 мектепте 503 665 оқушы, жекеменшік 167 мектепте 51 088 оқушы) білім алуда. Алтын белгімен – 1617, Үздік аттестатпен – 2400 оқушы бітірді. Былтырғы оқу жылымен салыстырғанда Алтын белгіге бітірген оқушы саны 13,9%-ға артты. Бұл – үлкен көрсеткіш!

Түркістан облысының оқушылары 2024-2025 оқу жылында Республика деңгейіндегі олимпиадаларда 500-ге жуық оқушы жоғарғы деңгейде білімдерін сынады. Мысалы, Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен Қ.О.Бітібаева атындағы олимпиадада 9 оқушы бақ сынап, төртеуі жүлделі орындарға ие болды. Сондай-ақ, “Жарқын болашақ” республикалық қазақ тілі олимпиадасында 9 оқушы қатысып, 8 оқушы жеңімпаз атанды. Ө.Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша халықаралық зерттеу жобалары конкурсында 6 оқушының төртеуі жоғары дәреже көрсетті. Бұл көрсеткіштің бір парасы ғана. Осы сынды 20-дан астам Республикалық, Халықаралық олимпиада бар.

Бұл туралы бүгін Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Түркістан облысының білім басқармасының міндетін атқарушы Жандос Маханбетұлы мәлімдеді.

Брифингте 2024 жылы Түркістан облысы білім басқармасы тарапынан атқарылған жұмыстар қорытындыланып, алдағы міндеттер пысықталды.

Жалпылама емес, нақты мақсатты жұмыс жүргізу бүгінгі мобилді қоғамның басты талабы. Осыны ескере, жыл сайын оқу жылының соңында білім деңгейі ең төмен 100 мектепті электронды журнал арқылы анықтап, тек сол 100 білім беру ұйымына арналған мақсатты жұмыс жоспары әзірленді.

Сонымен қатар, оқушыларға профориентация бағытында «Bolashaq» Халықаралық бағдарламалар орталығы акционерлік қоғамы және Жоғарғы оқу орындарымен меморандум түзіліп, жүйелі кеңес беру менторлық жұмысы жолға қойылып отыр.

Бүгінде білім саласында атқарылып жатқан кезек күттірмес маңызды мәселелер туралы Жандос Маханбетұлы, мектептерді жаңғырту жобасы, интернетпен қамту, пән кабинеттері, білім беру нысандарының құрылысы, оқушыларды оқулық пен электронды оқулықпен қамту, мекемелерді табиғи газға ауыстыру, сондай-ақ, «біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан іс-шаралар, қосымша білім беру саласы, балалар лагерлерін жаңғырту және де балаларды тасымалдау бойынша жан-жақты баяндады.

Жастар – ел болашағы. Ал, сол жастардың болашағы, Отанымыздың ертеңгі тағдыры. Осы ретте, қазіргі таңда облыс колледждерінде 40 691 студент білім алуда. Олардың 29 135-і мемлекеттік тапсырыс бойынша қабылданған.

Осы орайда білім саласындағы соңғы жаңалықтарды ұсынып отырмыз!

БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ БАСШЫЛАРЫ ШЕТ ЕЛДЕ ТАҒЫЛЫМДАМАДАН ӨТТІ

Түркістан облысының кәсіптік білім беру саласын дамыту — басты назарда. Бүгінде қай мамандықты алсақ та техниканың тілін түсінетін жақсы мамандар ауадай қажет. Оларға деген сұраныс күннен-күнге артуда. Осы тұрғыда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіптік білім беру саласының мән-маңыздылығын айта отырып, Қазақстан халқына арналған Жолдауында «2025 жылды — Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады.

Бұл ретте өңірдегі болашақ жұмысшы маман иелерін оқытатын колледждердің базасын нығайтып, материалдық ахуалын жақсарту бойынша бірқатар жұмыстар атқарылуда. Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен, аймақтағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшылары Өзбекстан Республикасының ТжКОБ саласының тәжірибесімен танысу үшін іс-сапарда жүр. Көрші елдегі делегацияны Түркістан облысы білім басқармасы басшысының орынбасары

Айгүл Ерғалиқызы бастап барып, Өзбекстандағы техникалық және кәсіби білім беру орталықтарындағы өндірістік практиканың басым бағыттарымен танысты.

Бүгінде техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің білім сапасы мен беделін арттыру үшін салаға халықаралық стандарттарды енгізу қажет. Осы мақсатта әріптестер бауырлас елдегі колледждердің материалдық-техникалық базасымен танысып, маман даярлаудағы ерекшеліктерді пысықтады.

Алдымен Түркістаннан барған кәсіптік-техникалық колледж директорлары Шайхантахур ауданындағы политехникумға барып, білім беру жүйесімен танысып, өндірістік іс-тәжрибедегі жұмыстарды көріп қайтты. Ташкент транспорт техникумына да барған колледж басшылары техникалық мүмкіндіктерін көріп, көлік шығару зауыттарының озық әдістерін байқады. Сондай-ақ, сапардың екінші күнінде Бұхара энергетика, мұнай және газ өнеркәсібі колледжінің кадрларды даярлау бағдарламасының тиімді тұстарын түртіп алып, саладағы болашақ мамандармен кездесті.

Бүгінгі таңда әлемде оқытудың дуальды жүйесі кәсіптік-техникалық кадрлар даярлаудың ең тиімді жолдарының бірі. Өйткені, экономиканың қарқынды дамуымен кәсіби-техникалық маман иелеріне сұраныс та күн санап артуда.

Соған орай, теориядан гөрі тәжірибеге басымдық берілетін дуальдық жүйені енгізу халықты жұмыспен қамту проблемасын шешудің бірден-бір тиімді жолы екені анық.

Айта кетейік, қыркүйек айының соңында өңірдегі колледж педагогтері мен басшылары Франция, Германия еліндегі кәсіпорындармен техникалық және кәсіби білім беру орталықтарында тағылымдамадан өтіп, халықаралық келісім жасасты.

БАЛАЛАР ҚАУІПСІЗДІГІ — БАСТЫ НАЗАРДА

Әр бала бақытты, қауіпсіз шаққа лайық. Осы бағытта Түркістан облысы білім басқармасы басшы орынбасары төрағалығымен Түркістан облысындағы білім беру ұйымдарының қаупсіздіктерін алдын алу бойынша мәжіліс өтті.

Мәжіліске Түркістан облысы білім басқармасы, Түркістан облысы полиция департаменті, Түркістан облысы білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті, Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы, Білім басқармасына қарасты білім беру ұйымдарының басшылары мен жауапты мамандары және облыстағы жекеменшік білім беру ұйымдарының басшылары қатысты.

Алғашқы сөз кезегі Түркістан облысының білім басқармасының құрылыс және материалдық техникалық қамтамасыз ету бөлімінің бөлім басшысы Азамат Тангатаров Асылбекұлына берілді.

– Балаларымыз — ел болашағы, өміріміздің жалғасы, сондықтан оларды әр түрлі төтенше жағдайлардан қорғау әр адамның міндеті деп санаймын. Жалпы білім беру ұйымдарының негізгі мақсаты – дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, білімді азаматты тәрбиелеу. Бала да жас терек сияқты, қалай тәрбиелесең, ертең есейгенде жас кезіндегі алған тәрбиесі өміріне негіз болмақ. Сондықтан облыстағы білім беру ұйымдарындағы балалардың қауіпсіздігін сақтауды ең бірінші орынға қоюымыз қажет. Бала қауіпсіздігі – бәрінен маңызды,-деді.

Аталған іс-шара шеңберінде балалардың қауіпсіздігі және оларды оқыс оқиғалардан қорғау жолдары туралы баяндамалар оқылып, қауіпсіздік ережелерін түсіндіру және осы ережелерді күнделікті өмірде сақтай білу бойынша жан-жақты түсіндірілді. Осындай жоғары деңгейде ұйымдастырылған іс-шаралар балалардың қауіпсіз ортасын қамтамасыз ету жолында атқарылып жатқан маңызды қадамдардың бірі болып табылады.

ДАРЫНДЫОҚУШЫЛАРБІЛІМСАЙЫСЫНДАРЕСПУБЛИКАНЫБАҒЫНДЫРДЫ

Оқу-ағартуминистріҒаниБектайұлыБейсембаевтыңтікелейтапсырмасыменауылмектептерініңталанттыжәнебілімгеқұштароқушыларынанықтаумақсатындареспубликалықолимпиадаосыменекіншіжылқатарынанұйымдастырылыпотыр.

Олимпиаданыңбіріншіоблыстықкезеңіне 900-гежуықоқушықатысып, олардың 71-іреспубликалықкезеңгежолдамаалған. Оныңішінде 41 оқушыжаратылыстану-математикалықбағыт, 30 оқушыгуманитарлықбағытбойыншареспубликалықкезеңгеөтті. Бұлауылоқушыларыныңинтеллектуалдықжарыстарғадегенқызығушылығыныңартып, республикалықолимпиаданыңмәртебесініңжоғарыекенінкөрсетеді.

Астанадаауылмектептерініңоқушыларыарасындақоғамдық-гуманитарлықбағытбойыншаөткенреспубликалықолимпиаданыңсоңғыкезеңінеоблысымыздан 30 оқушықатысып, оныңішінде 25 оқушыжеңімпазатанды.

Түркістаноблысыныңқоржыны 3 алтын, 9 күміс, 9 қоламедальментолықты. Сондай-ақ, 4 оқушымызолимпиаданыңМақтауқағазынаиеболды. Жалпыкомандалықесепбойынша, қоғамдық-гуманитарлықбағыттағыреспубликалықолимпиададаТүркістаноблысыныңауылмектептеріоқушыларыжүлделіІІорындыалды.