Домой Білім ТҮРКІСТАН: ҚАЗАҚСТАН БОЛАШАҒЫ- ТӘРБИЕ МЕН БІЛІМДІ ҰРПАҚ ЕНШІСІНДЕ

ТҮРКІСТАН: ҚАЗАҚСТАН БОЛАШАҒЫ- ТӘРБИЕ МЕН БІЛІМДІ ҰРПАҚ ЕНШІСІНДЕ

Иә, жаңа ғасырдың ұлы көшінде, Тәуелсіз Қазақстан болашағының тұғыры биік, тұтқасы мықты болуы — тәрбие мен білімді ұрпақ еншісінде. Сол сеніммен үміт артқан ұрпақтың тәлімді тәрбие, терең білім алатын орын мектеп. Мектеп — тұлғаны қалыптастырушы, Ұстаздар қауымы оқушыларға қалай тәрбиелеп білім берсе, халқымыз да жоғары деңгейде болады. Еліміздің көркеюіне жас жеткіншектерге тәрбие мен білім беруде өз үлестерін қосып жүрген Сауран ауданы, Шорнақ ауылындағы Қ.Рысбеков атындағы №5 негізгі орта мектеп интернат ұжымы. Мектеп директоры Бекжанов Аскар Кыдырбекұлы. Шорнақ елді мекеніндегі Қ.Рысбеков атындағы мектеп-интернатының іргетасы 1949 жылы қаланған. Алғашқы онжылдықта Фрунзе ауылдық Кеңестер үйінің қызметін атқарған.

1959 жылы Қазақ ССР министрлер советінің шешімімен ауылда мектеп-интернат ашылады. Мектеп-интернат шопан отбасыларының балалары мен орталықтан шалғай жатқан ауылдың балаларын оқытуға арналған.

Сол жылдың қазан айында М.В.Фрунзе мектебінің директоры болып Алтаев Өмірәлі тағайындалады. Мектеп ашылған жылы 50-60 оқушы, 7-8 мұғалім ғана қызмет атқарған. Алтаев Өмірәлі 1962 жылы қайтыс болып, оның орнына Ықтияров Мұсахан деген соғыс ардагері директор болды, 1965 жылы мамыр айының 5 күні М.Ықтияровтың орнына директор болып Сарбасов Нұртай тағайындалды. Сарбасов Нұртай 1973 жылы «Еңбек Қызыл Ту» орденін алған. 1974 жылы «Отличник Народного образование КазССР». РайОНО кеңес мүшесі болған. 1966-1984 жылдары арасында аудандық партия комитетінің пленум мүшесі. Аудандық кеңеске 2 рет, ауылдық кеңеске 4 рет депутат болған.

Сарбасов Нұртай 1965 жылы мамыр айынан 1984 жылға дейін, яғни құрметті еңбек демалысына шыққанға дейін директор болып қызмет атқарды. Осы жылдар ішінде оқушы саны 280-ге жетті.

Мектеп-интернат сол жылдары облыстық, аудандық «Зарница» және «Туризм» ойындарында жүлдегер атанды. Ұжым республика бойынша алдыңғы қатарлы мектеп-интернат ретінде танылып, Қазақ ССР Оқу министрлігінің Қызыл Туын бірнеше рет және Бүкілодақтық Кәсіподақтар Кеңесі төралқасының Қызыл Туын жеңіп алып, тұрақты сақтау құқығына ие болды.

1968 жылы мектеп-интернатқа Кеңес Одағының Батыры осы Шорнақ елді мекеннің тумасы Құрманбай Рысбековтың есімін беру туралы Түркістан аудандық атқару комитетіне ұсыныс беріліп, 1972 жылы мектеп-интернат батырдың есімімен атала бастады.

1984 жылы Омарбаев Еркінбек мектеп басшылығын өз қолына алды.

Омарбаев Еркінбек 1974 жылы КазССР Оқу министрінің Мақтау қағазын, одан кейін облыстық атқару комитетінің Мақтау қағазын алған.

1978 жылы Халық ағарту ісінің үздігі болған. Сонымен қатар, А.П.Жуковтың 100 жылдығы медалімен, Тәуелсіздікке 25 жыл медалімен, Астана медалімен марапатталған.

1992 жылы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың алғыс хатын, 2002 жылы облыс әкімі Б.Сапарбаевтың Мақтау қағазын алған. Оңтүстік Қазақстан облысының, Түркістан қаласының Құрметті Азаматы.

1987 жылы мектеп директоры болып Әшенов Өтеген сайланды. Әшенов Өтеген 1976 жылы Қазақстан Оқу министрлігінің Құрмет грамотасымен; 1996 жылы «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі» төсбелгісімен, сондай-ақ облыстық, қалалық білім беру бөлімдерінің Мақтау қағаздарымен марапатталған.

1988-1990 жылдары мектепке Кішібаев Жұмаділла басшылық етсе, 1990 жылы Исатаев Ибадулла директор қызметін атқарды.

1991-2002 жылдар аралығында Әшенов Өтеген қайта өз қызметіне оралды. 2002 жылы Сапорова Гүлназ мектеп директоры болды.

2007 жылы Түркістан қаласының әкімдігінің № 7593 қаулысына сәйкес мектеп-интернат жаңа типті, 300 орындық жатақханасы бар 3 қабатты ғимаратқа көшіріледі. 2008 жылы сол кездегі ҚР Білім және Ғылым вице министрі Күләш Шәмшидинова интернатқа келіп, мектеп-интернаттың тыныс-тіршілігімен танысып, Сол кездегі мектеп директоры Сапорова Гүлназдың жұмысына жоғары баға беріп, оны марапатқа ұсынады.

2013 жылдан 2016 жылға дейін мектепті Бекназаров Бақтияр басқарды.

Мектеп — тұлғаны қалыптастырушы, сондықтан мұғалімдердің ауызбіршілігінің арқасында елдің үмітін артып отырған ұрпақ білімді, әрі саналы болып өсері сөзсіз.

2016-2023 жылдар аралығында мектепті Шүкірбаев Әмірхан басқарды. 2015 жылы Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы «Qurmet — AB» Қоғамдық бірлестігінің «Білім беру ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталған.

2023 жылдың 31-наурыздан бастап мектеп-интернаттың директоры болып Бекжанов Асқар Қыдырбекұлы тағайындалып, мектебіміздің ынтымағы мен бірлігін дамытуда атсалысып жүрген игі істердің бастамашысы болып келеді.