Домой Білім ТҮРКІСТАН: ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ МЕКТЕПТЕРДЕ ТАМАҚТАНУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДА

ТҮРКІСТАН: ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ МЕКТЕПТЕРДЕ ТАМАҚТАНУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДА

2024 жылы тегін тамақтану құқығына ие 220 920 балаға
19 465 641,0 мың теңге (оның ішінде осал топ отбасының 60 693 балаға 7 334894,0 мың теңге, 1-4 сыныптағы 160 227 балаға 12 130 747,0 мың теңге) қаржы қаралды.

Облыстық бюджет комиссиясының шешімімен тамақтану құны балалардың жасерекшеліктеріне сәйкес, құн салығымен есептегенде 1 күндік құны 7-10 жасқа 604 (2023 жылы-502 теңге) теңге, 11-14 жасқа 761 (2023 жылы-564 теңге) теңге,15-18 жас 816 (2023 жылы-610 теңге) теңге болып белгіленді.

Областағы интернаттарды қосағанда 881 мектепте 1-4 сынып оқушыларын және әлеуметтік осал топ отбасынан шыққан балаларға тамақтану ұйымдастырылған.

Облыстық білім басқармасы тарапынан перспективалық ас мәзірі бекітіліп, аудандық, қалалық білім бөлімдеріне жолданған.

Оның ішінде, асханасы жоқ 110 мектептің 40-ында асхана мәселесі шешілді, ал 70-інде жұмыстар жүргізілуде.

Оның ішінде 6-ы жаңа мектеп құрылысы, 35-інде мемлекеттік-жекешелік әріптестік есебінен шешу жоспарлануда, ал 29-ында бала санының 40-тан төмен болуына байланысты асхана салу тиімсіз болуда, сондықтан тамақты тасымалдау арқылы жүргізу қолға алынған.

Бүгінгі таңда, асханасы жоқ 70 мектептің 23 – інде қосымша ас дайындау бөлмесін ашып, асты өздерінде дайындауда, ал 47 – ісінде асты тасымалдау арқылы (Түлкібаста-11, Отырарда — 10, Келесте — 9, Төлебиде — 7, Сауранда — 5, Шардарада — 4, Ордабасы  — 1) жүргізілуде.

Білім беру ұйымдарында Сайрам, Сарыағаш, Ордабасы, Шардара, Созақ, Бәйдібек аудандық бөлім бөлімдеріне қарасты барлық білім беру ұйымдарындағы балалардың тамақтануында асхана, буфет мәселесін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы аясында шешу үшін жұмыстар жүргізілуде.

Пилоттық жоба ретінде Түркістан қаласы №28 жалпы білім беретін мектебіне «Alaqan Mektep (Alaqan technologies)» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен асхана мен кітапханада цифрландыру жүйесін енгізу үшін «Алақан асхана» және «Алақан-кітапхана» жүйесін орнатылды.

«Мектепке жол» акциясының негізгі көрсеткіші балаларды жаңа оқу жылына дайындау болып табылдады.

Облыстық білім басқармасы тарапынан, 2024 жылы мемлекеттік білім беру ұйымдарында білім алатын әлеуметтік осал топ отбасынан шыққан 60 693 балаға (Ұлттық білім беру деректер қорынан (НОВД) алынған балалар саны) 2 634 501,1 мың теңге қаржы қаралды.

Облыстағы экономикалық есептеулер (республикалық бюджет туралы заңнамаға сәйкес ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен емес мөлшерде белгілейді) бойынша әр балаға мектеп формасына 43 407 теңге белгіленді.

Ата-аналар немесе олардың заңды өкілдерінің өтініштеріне сәйкес, қаражат аударылуда.