Өмірзақ Шөкеев ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру бойынша облыс автивімен кездесті.
Алқалы жиында бірқатар баяндамашылар жарыссөзге шығып, Жолдау аясында берілген тапсырмалар мен атқарылатын жұмыстар жөнінде өз ойларын ортаға салды. «Жолдау талаптарын толық орындап, мына күрделі заманда Ел болып қалуымыз үшін бүкіл халқымызды аяққа тұрғызуымыз қажет. Бұл істі тек ұлт зиялылары ғана атқара алады. Сондықтан да, Президент зиялы қауымды ел болашағына әсер ететін әрбір мәселеден шет қалмауға шақырды. Осы тұста жергілікті жерлердегі зиялыларды, лидерлерді қамтуымыз керек. Арыс оқиғасы кезіндегі сектор қағидаты, сектор саясаты осы ретте өте тиімді болып келеді деп ойлаймыз», — дейді ҚХА мүшесі Алишер Сатвалдиев.
Жиын соңында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Мемлекет басшысының халыққа Жолдауындағы міндеттерді сапалы жүзеге асырып, бұл бағыттағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды.