Домой Басты жаңалықтар Түркістан жолдары жөндеуден өтуде

Түркістан жолдары жөндеуден өтуде

Түркістан облыс атнағлаы бері жол мәселесіне баса назар аударуда. Жақында тағы бір «Шымкент-Сайрам» бағытындағы 8 шақырымдық облыстық маңызы бар автомобиль жолы жөнделіп бітті.  

Түркістан облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен «Шымкент-Сайрам» бағытындағы 8 шақырымдық облыстық маңызы бар автомобиль жолына қайта құру жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға беріліп отыр.

Мердігер мекеме — «Отау Строй» ЖШС-і. Жөндеу жұмыстары барысында аталған жолдың ені 7 метрден 14 метрге және жолдың 3,6 шақырымындағы жер үсті темір жол өткелі 7 метрден 24 метрге кеңейтілген. Жөндеу барысында, аталған жолдың екі жағынан жаяу жүргіншілерге арналған аяқ жолдар салынып, диодты жарықтандыру шамдары орнатылған. Сонымен қатар, жасанды жол кедергілері, бағдаршамдар, заманауи үлгідегі аялдамалар мен жаңа жол белгілері орнатылып, жол таңбалары сызылды. Қайта құру жұмыстарының нәтижесінде аталған жолдағы көлік кептелісі жойылып, қауіпсіз әрі қолайлы қозғалыс қамтамасыз етілмек.