Домой Басты жаңалықтар КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДА ҚҰРЫЛҒАН АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТТЫҚ ТОП ШЕТ ЕЛДЕРДЕН КЕЛГЕН СТУДЕНТТЕР МЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДА ҚҰРЫЛҒАН АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТТЫҚ ТОП ШЕТ ЕЛДЕРДЕН КЕЛГЕН СТУДЕНТТЕР МЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

Кентау қаласы және қалаға қарасты ауылдарда қоғамдық келісім мен этносаралық татулықты нығайту, жастар мен жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында құрылған ақпараттық-насихаттық тобының жұмыс кетесіне сәйкес Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Кентау институтында алыс жақын шет елдерден келген даярлық тобының студенттерімен кездесу өтті.

Кездесуге Түркістан облысының «Қоғамдық келісім» КММ-нің Кентау қалалық филиалының басшысы Ғ.Тажибаев, қалалық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Х.Абдувалиев, қалалық ПБ көші-қон полициясының аға инспекторы полиция майоры Е.Шаймерденов және Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ ректоратының виза бөлімінің басшысы Қ.Ешманов, Халықаралық байланыстар департаментінің басшысы А.Кулекеева, Халықаралық офис басшысы Р.Пайзиметова, ХҚТУ КДО терапевт-кардиолог Ж.Ермаханова қатысты.Кездесуде студент жастарға университет ережесі, көші-қон заңнамасына сәйкес құжаттандыру және жүріп тұру, вакцинация тақырыптарында қажетті ақпараттар жеткізілді. Сонымен қатар, этносаралық татулық пен бірлік, халықтар достығы мен өзара түсіністігі, сыйластығы жөнінде атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтылды.