Домой Басты жаңалықтар «BOOKDATING» және буккросинг форматында іс-шара өтті

«BOOKDATING» және буккросинг форматында іс-шара өтті

Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ұлттық жаңғыру кезеңіне көшіру жөніндегі 2022-2024 жылдарға арналған жол картасы негізінде көлемді іс-шаралар бекітілген болатын. Жоспарға сай, №17 колледждің кітапхана меңгерушісі Б.Рыспаеваның жетекшілігімен «BOOKDATING» және буккросинг іс-шарасы өтті. Мақсат — студенттердің өздері оқыған немесе үйінде тұрған кітаптарға екінші өмір сыйлау, кітапқа деген қызығушылығын оятып оқырмандар санын арттыру, жастардың сөздік қорын жетілдіру, білімін шыңдау. Буккросинг бұрышына студенттер қазақтың бетке ұстар ақын-жазушыларының кітаптарынан бөлек, өңірден шыққан ақындардың да кітаптарын әкелді.