Жастар ресурстық орталығының психолог маманы Ш.Кудусова аутодеструктивті мінез құлықтың алдын алу мақсатында «Өмір сен маған қымбатсың!» атты «Арнаулы кәсіптік колледжінде» психолог маманы Р.Удербаевамен бірлесіп студенттермен семинар тренинг өткізді. Топ арасында жағымды атмосфера құрып, өзара әрекеттесуді ұйымдастыру арқылы сенімділіктерін жоғарылату, өздерінің күшті және әлсіз тұстарын біліп, кездескен қиындықтарды жеңе білуге үйрету, адамгершілік жақсы қасиеттерін дамыту барысында жүргізді.Іс шарада психолог Ш.Кудусова бейнеролик көрсетіп, психологиялық қызықты тренингтер жүргізді.
Өмірді сенің көмегіңе мұқтаж болып, іздеген жандардың санымен немесе өмірлік серік ретінде таңдаған жанмен өрнектейтін болсаң қателескен екенсің. Өмір санға толы есеп емес. Өмірді бағалы киіммен, соңғы шаш үлгісімен, терісінің түсімен, ата-тегімен байланыстыратындар бар. Сосын тәлім алып жатқан оқу орындарымен, қызмет орнын өмір деп түсінетіндер бар. Өмірді жалғыздық немесе көпшіліктің ортасы деп ұғатындар да бар. Бірақ өмір дегеніміз бұл емес! Өмір дегенің дос-жаранға қамқор болу, санаңды торлаған тұманды ойларды шуақты қуанышқа ауыстыра білуің. Қызғаныштың отын бүркіп, сенім үдесінен шыға білу. Уәделі сөздеріңе берік болуың. Кісінің сыртқы емес, ішкі болмысына үңіліп қадірлеу. Ең бастысы, өзгеге жақсылық тілеуші бола білу.
Өмір дегеніміз – адам баласының туған күнінен бастап, осы күнге дейінгі жүрген жолы. Өмір былайша алып қарағанда төрт-ақ әріптен тұратын сөз. Алайда осынау сөзге қаншама ұғым сыйып жатыр десеңізші. Оның әрбір мезеті сынақтан тұрады. Қиындық пен қуаныш кезектесіп жетіп отырады. Бір ағамыз: “Өмір – сырын білгізбейтін тентек ат секілді, қай жағыңнан келіп тебетінін білмей де қаласың” деген екен. Иә, шынында да солай. Басқаша алып қарағанда өмір шеті де, шегі де көрінбейтін үлкен өзен тәрізді. Ал, біз сол өзенде ақырын жүзген қайықпыз. Олай болса, Өмір адамға бірақ рет беріледі. Осы қамшының сабындай қысқа ғана өмірде бір-бірімізбен тек сыйласып өткенге не жетсін.