Кентау қаласының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Ы.Алтынсарин атындағы 1 мектеп-гимназиясының кітапханашысы Дауытбаева Үржамал апай және 1 «г» сынып жетекшісі Тұрдымұратова Жұмагүл апай «2022 жыл-Балалар жылы» болып жариялануына байланысты оқушыларды кітапханаға апарып, кітапхана жұмысымен, балаларға арналған қызықты, әдеби, танымдық оқулықтарымен таныстырды.
Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды Балалар жылы деп жариялауды ұсынды. «Балаларға ерекше назар аударуымыз қажет. Олардың амандығы – мемлекетіміздің табысты болашағының сенімді кепілі. Сондықтан келесі жылды Балалар жылы деп жариялау керек деп санаймын. Мұндағы мәселенің ұрандар мен мерекелерге қатысы жоқ. Ең алдымен денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау саласындағы билік органдарының балалық шақты қорғауда нақты шараларға назар аударған жөн. Біздің жалпыұлттық міндетіміз – өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы және бақытты балалық шақ», — деді Президент.
«Мен Мемлекет басшысы ретінде өскелең ұрпақтың болашағына баса мән беремін. Жастарға зор үміт артамын. Жастарымыз атқарылып жатқан ауқымды жұмыстың, реформалардың игілігін міндетті түрде көреді. Олардың арасында көзі ашық, көкірегі ояу, ойы ұшқыр азаматтар аз емес. Біз өскелең ұрпаққа жол ашу үшін барлық жағдайды жасауымыз керек».-деді Президент, Осы ретте Мемлекет басшысы балаларға ерекше көңіл бөлу керектігін жеткізді. «Балалар — мемлекетіміздің жарқын болашағының кепілі. Сондықтан да алдағы жылды Балалар жылы деп жариялау керек деп есептеймін. Әңгіме жалаң ұран мен мерекелік шаралар туралы емес. Бірінші кезекте билік тарапынан балаларды қорғау үшін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау бағытында нақты шаралар қолға алынуы керек. Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы – біздің жалпыұлттық міндетіміз»,-деді Қасым-Жомарт Тоқаев.