Домой Басты жаңалықтар ЖАЗҒЫ МАУСЫМДА ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

ЖАЗҒЫ МАУСЫМДА ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Жазғы маусымда орын алып жатқан төтенше жағдайлардың себептерін халыққа жеткізу және алдын алу шараларын бірлесіп жүргізу мақсатында, 2019 жылдың 01-03 шілде аралығында Түркістан облысы Кентау қаласының Төтенше жағдайлар бөлімі инженерлік инспекторлық құрамымен және Кентау қалалық жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесе отырып, Кентау қаласы, Қарнақ ауылы тұрғындарына, «Ырмақ» өзен су қоймасы және Қосқорған су қоймасы аумағында орналасқан тұрғындарына жиын жасап «Жаз мезгілінде балаларды үлкендердің қарауынсыз суға шомылуға жібермеу туралы», «Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі, өрт кезіндегі іс-қимыл», «Дала орман өрттерінің алдын алу шаралары», «Конго қырым қанды безгегі – аса қауіпті жұқпалы ауруы» тақырыптарында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жадынамалар ұсынылды.
            Сонымен қатар іс-шара барысында, Қарнақ ауылдық әкімдігі қызметкерлері, учаскелік полиция қызметкерлері қатысуымен, ауыл тұрғындарына (жалпы 166 тұрғын үйдің 621 тұрғындар қамтылуымен) жоғарыда аталған тақырыптарда түсіндіріп, жеткізу арқылы профилактикалық жұмыстары жүргізілді.
            Қарнақ, Байылдыр ауылындағы орналасқан жеке меншік бассейндерде жаттықтырушылар қатысуымен, жалпы 178 — балалармен жасөспірімдерге, ересек демалушыларға «Судағы жүзу ережелерін үйрету, суда кенеттен келеңсіз жағдайға ұшыраған кездегі өзіне-өзі құтқару тәсілдерін жасау тәртібі, шомылудағы қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау» жөнінде практикалық әдістер көрсетіліп, ескертпе парақшаларын таратылды.