Домой Әлеумет ЖАТАҚХАНА СТУДЕНТТЕРІ МЕН ОҚУШЫЛАРҒА САРҚЫТ ТАРАТЫЛДЫ

ЖАТАҚХАНА СТУДЕНТТЕРІ МЕН ОҚУШЫЛАРҒА САРҚЫТ ТАРАТЫЛДЫ

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақалалық бағдарламасы аясында қалалық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен іс-шара болып өтті. Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университеті Кентау институтының жатақханасында шетелден және еліміздің өзге де облыстарынан келген студенттермен қала әкімінің орынбасары С.Расұл, қалалық ақсақалдар алқасының төрағасы М.Абдуллаев, қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ғ.Тойшиев пен ХҚТУ Кентау институтының директоры Ү.Рахмет кездесті. Кездесу барысында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» мақалалары туралы насихатталды. Қазақтың салт-дәстүрлері түсіндірілді. Салт дәстүрге сәйкес, қысқы сессияны аяқтап, елдеріне демалысқа бара жатқан студенттерге «Үлкендердің жолын берсін, елдеріңізге бізден дұғай сәлем айтыңыздар» дей отырып «Сарқыт» таратылды. Жиында Қытай, Моңғолия және Өзбекстан секілді шет мемлекеттерден келіп оқып жатқан студенттер сол елдегі қазақ дәстүрлерін айтып өтті. Кездесу облыстық девиантты мінез құлықты балаларға арналған мектеп-интернатында жалғасын тапты.