Домой Әлеумет ВИЦЕ МИНИСТР АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРДЫ ТАЛҚЫЛАДЫ

ВИЦЕ МИНИСТР АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРДЫ ТАЛҚЫЛАДЫ

Түркістан облысына ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Құрманов Рустем Жомартұлы келді. Облыста атқарылып жатқан жұмыстардың барысы тұралы Облыс әкімнің орынбасары Е.Садыр және Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Н.Мырзахметов Түркістан қаласында Азық-түлік белдеуі шеңберінде іске асырылып жатқан инвестициялық жобалар мен су нысандары құрылысы жөнінде баяндады. Аталған шараға «ҚазАгро «ҰБХ» АҚ Басқармасы төрағасы, «YDA INSAAT» LTD бас директоры қатысты.
Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2024 жылға дейінгі кешенді жоспары аясында Түркістан қаласы аумағынан радиусы 15,0 шақырымда азық-түлік белдеуін қалыптастыру жобалары іске асырылуда.
Кешенді жоспар бойынша 2019 ж. жергілікті бюджеттен СПК арқылы 2,5 млрд.тг; 2020 ж. Республикалық бюджеттен «ҚазАгро»ҰБХ»АҚ 25,0 млрд.тг. қаржы қарастыру көзделген.
Осы бағытта жалпы құны 73,8 млрд тг құрайтын 8 ірі инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Нәтижесінде талдау бойынша жыл сайын қосымша 40,0 млрд.тг ауыл шаруашылығы өнімі өндіріледі және 5000 астам жаңа жұмыс орындары құрылады.
Азық – түлік белдеуі 2 кезеңде интенсивті технологияларды қолдана отырып және ғалымдардың сүйемелдеуімен жүзеге асырылуда.
Сондай ақ, YDA INSAAT түрік компаниясы 500 га заманауи жылыжай кешені құрылыс салуға қызығушылық білдіруде. Бүгінгі күні компания ұсынылатын жер теліміне ауа райы құбылысына толығымен зерделеу жұмыстарын жүргізуді қолға алды. Біз мемлекет тарапынан барлық қолдауларды инфраструктура, субсидия тағы басқа жеңілдіктерді ұсынатын боламыз. Бұл жоба ТМД аумағында теңдесі жоқ ірі жылыжай кешені болады.
Кешенді жоспар аясында ағын су мәселелерін шешу мақсатында жалпы құны 29,3 млрд.тг құрайтын 4 жобаны жүзеге асыру жұмыстары басталды. Оның ішінде: республикалық бюджет 24,7 млрд.тг, жергілікті бюджет 4,6 млрд.тг.
Қәзіргі таңда осы жобалар бойынша облыстық бюджеттен жобалық сметалық және техника-негіздемелік құжаттарын әзірлеуге 652,0 млн.тг қаржы бөлінді.
Бірінші. «Түркістан магистралды каналына Сырдария өзенінен машиналық әдіспен су беру құрылысын жүргізу арқылы қосымша 80 млн. м3 ағын су жеткізу» жобасы.
Екінші. «Түркістан магистралды каналын бетонмен қаптау жұмыстарын жүргізу арқылы қосымша 60 млн. м3 ағын суды үнемдеу» жобасы.
Сонымен қатар, Түркістан қаласының маңын абаттандыру, көгалдандыру және демалыс орнына айналдыру мақсатында, Түркістан магистралды каналының бойынан 8 шақырымды құрайтын жаяу жүргіншілер жолы мен велосипед жолын салуға ЖСҚ әзірленуде. Жұмыс жобасын тамыз айының 1 не дейін бітіріп, мемлекеттік сараптамаға жіберу жоспарлануда.
Үшінші. Сыйымдылығы 10,0 млн. м3 болатын «Кеңсай-Қосқорған-2» су қоймасын салу жобасы. Нәтижесінде, 15 млн. м3 ағын су жиналады.
Төртінші: «Арыс-Түркістан массивінде жарамсыз болып қалған 134 дана тік ұңғымаларды қайта қалпына келтіре отырып 34,7 млн. м3 қосымша ағын сумен қамтамасыз ету» жобасы.
Жалпы аталған жобаларды іске асыру нәтижесінде шаруаларға жеткізілетін ағын су көлемі 196 млн. м3 ұлғайып, қосымша 1500 астам жаңа жұмыс орындарын ашылып, тиісінше ауыл шаруашылығы өндірісін артыруға мүмкіндіктер туады.
Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 5 су нысандары («Бөген» су қоймасы, «Қосқорған» су қоймасы, «Түркістан» магистралды каналы, «Арыс» магистралды каналы және «Қараспан» магистралды каналы) және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бұйрығымен «Қараспан» су торабы облыстық меншікке қабылданды.
Жоғарыда аталған жобалар мен су нысандарын тиімді пайдалану, қорғау, күтіп ұстау, дамыту мақсатында облыс әкімінің қаулысымен 183 штат бірлікпен «Бөген арнасы» мемлекеттік мекемесі құрылып, облыстық бюджеттен су нысандарын күтіп ұстауға 1250,0 млн.тг, оның ішінде мекемені материалдық техникалық жарақтандыруға 750,0 млн.тг қаржы бөлінді.
Су нысандарын тиімді пайдалану үшін өндіріске 019 бюджеттік бағдарлама шеңберінде инновациялық жетістіктер енгізілуде.
«Бөген» су қоймасының гидротехникалық құрылымдарында су ресурстарын басқарудың автоматтандырылған технологиясын енгізу және тарату бойынша 33,5 млн.тг қаржы бөлініп, Тараз қ. «Казақ су шаруашылығы ҒЗИ» ЖШС-мен келісім шарт түзіліп, бүгінгі таңға жалпы жиырма бес су есептегіш құралының бес данасы орнатылды.
«Оңтүстік Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми зерттеу институты» ЖШС-мен инновациялық технологияларды қолдана отырып, «Бөген» су қоймасындағы және су арналарындағы судың көлемін аэрокосметикалық түсірілім арқылы қадағалау» жобасына 47,3 млн.тг қаржы бөлініп жұмыстар атқарылуда.