Домой Әлеумет ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ МЕРЗІМІ АЯҚТАЛҒАНЫМЕН, ШЕКТЕУЛЕР БАР

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ МЕРЗІМІ АЯҚТАЛҒАНЫМЕН, ШЕКТЕУЛЕР БАР

Сайрам ауданының әкімі Уласбек Садибеков (Ulasbek Sadibekov) коронавирус індетінен сақтану шаралары мен шектеулердің талапқа сай орындалуына көз жеткізу мақсатында Ақсукент ауылдық округіндегі халыққа қызмет көрсететін орындарды аралап қайтты.

Атап айтқанда, «Қазпошта» АҚ, «Халық банк» АҚ жергілікті филиалдары мен аудандық халыққа қызмет көрсету, сондай-ақ, аудан әкімдігінің жұмыспен қамту орталықтарында болып, мекемелердің қызметін пайдалануға келгендердің кезек тәртібі мен арақашықтықты сақтау, маскалық режимде жүруін назарға алды.

Аудан тұрғындарына сақтық шараларын қатаң ұстану қажеттігін түсіндірген аудан басшысы қызмет көрсететін мекемелерге де талап қойды.

Сауда-саттық орындары, базарларда да кәсіпкерлер тарапынан шектеу шаралары бұзылса, нысандар өз жұмысын тоқтататынын ескертті.

Фото: Ерик Оразымбетов

stopcovid19_kz

turkistan