Домой Әлеумет ТҮРКІСТАНДА БІЛІМ ОШАҚТАРЫНЫҢ САНЫ ЕКІГЕ АРТТЫ

ТҮРКІСТАНДА БІЛІМ ОШАҚТАРЫНЫҢ САНЫ ЕКІГЕ АРТТЫ

Болашақ — білімді ұрпақ қолында. Ал, сол ұрпақты қалыптастыру — болашаққа салған инвестициямен бірдей. Сондықтан да бүгінгі таңда білім саласына, оның ішінде білім мекемелері санының ғана емес, сапасының да артуына баса мән берілуде. Бүгін Түркістан қаласында қос бірдей білім ордасы пайдалануға берілді. Солардың бірі — мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті аясында есігін айқара ашқан «Фараб» бастауыш мектебі. 200 оқушыға арналған бастауыш мектепте балалардың терең білім алуына барлық жағдай жасалған. Жоғары білімді, арнайы курстардан өткен 20 мұғалім оқушыларды білім нәрімен сусындатуға дайын. Айта кетерлігі — аталған мектепте балалар 3 мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті аясында жұмысын бастаған «Бай-Қоныс-2» балабақшасы да бүгін алғашқы бүлдіршіндерді қарсы алды. 100 балаға арналған балабақша да заман талабына сай салынған. Қос білім ордасының ашылу салтанатына қатысып, ғимараттарды аралап көрген облыс әкімінің орынбасары Сәкен Амангелдіұлы Қалқаманов пен қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Оразкүл Шайхықызы Қолдасова жоғары бағаларын берді. Ұстаздармен тілдесіп, жұмыстарына сәттілік тілеген Оразкүл Шайхықызына қос ұжым мүшелері ризашылықтарын білдірді.