Домой Әлеумет ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙЛЫҚ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАБЫЛДАУ СӘТІНДЕ ШЕШІЛДІ

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙЛЫҚ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАБЫЛДАУ СӘТІНДЕ ШЕШІЛДІ

«Nur Otan» партиясы Жетісай аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде Түркістан облыстық мәслихат хатшысы Қайрат Балабиев, облыстық мәслихат депутаттары Өмірзақ Мелдеханов, Нұралы Абишов пен Талғат Қаржауов азаматтарды қабылдап, кездесу өткізді.

Жалпы қабылдауға талап-тілектерін арқалай 10-нан астам тұрғын келген. Олардың басым бөлігі әлеуметтік көмекке мұқтаждық, денсаулық саласы, құжаттандыру сынды өзге де мәселелерді көтерді.

Қабылдау барысында 5 азаматттың мәселесі оңтайлы шешіліп, депутаттар сол сәтте көмек көрсетті. Мәселен, І топ мүгедегі, Жетісай қаласының тұрғыны Ж.Қалыбеков әлеуметтік жағдайының төмендігіне байланысты қаржылай көмек сұрады. Осы секілді К.Конырбаева да пәтерақысын төлуге ықпал етуін өтінді. Ал, И.Жасузахов шетелде ем қабылдау үшін қаржы қажеттігін білдірсе, Сырабад елді мекенінің тұрғыны М.Бегалиева мен қала тұрғыны Т.Темірханова әлеуметтік осал топқа жататындарын айтты.

Аталған 5 азаматқа депутаттар тарапынан қаржылай көмектер көрсетілді. Қоғамдық қабылдауға келген өзге азаматтардың өтініштері назарға алынып, жауапты мекемелерден мән-жайы анықталуы талап етілді.

Жалпы депутаттар халықпен бірге екенін әрқашан нақты істерімен айқындап келеді. Оған дәлел 2021 жылы партияның Түркістан облысына қарасты филиалдарының қоғамдық қабылдау бөлмелерінде 3095 қабылдау жүргізіліп, 8,7 мыңнан астам азаматтардың мәселелері қаралды.