Домой Әлеумет ТҮРКІСТАН: ЖАҢА ҒИМАРАТТАР ҚАЛАҒА ЗАМАНАУИ КӨРІНІС БЕРЕТІН БОЛАДЫ

ТҮРКІСТАН: ЖАҢА ҒИМАРАТТАР ҚАЛАҒА ЗАМАНАУИ КӨРІНІС БЕРЕТІН БОЛАДЫ

Киелі шаһарымыздың көркейіп, сәулетті ғимараттардың бой көтеруіне өзге облыстар мен қалалар және еліміздің алпауыт компаниялары атсалысуда. Мәселен, Нұр-Сұлтан қаласы — «Астана» алаңын, Алматы қаласы — Медиа орталық, Шымкент қаласы — облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының құрылысын бастады. Алматы облысы – «Жастар сарайы» ғимаратын, «ҰӘҚ Самұрық-Қазына» АҚ – «Қожа Ахмет Ясауи» мұражайын, Ақтөбе облысы — «Әзірет Сұлтан» қорығында мәдени-демалыс нысандарын салмақ. Ал, Атырау облысы — ашық аспан астындағы мәдени-тарихи музей, Шығыс Қазақстан облысы — әуенді субұрқақ, Солтүстік Қазақстан облысы — облыстық спорт мектебін, Павлодар облысы — халыққа қызмет көрсету орталығын сыйға тартуды жоспарлаған. Сондай-ақ, Жамбыл облысы — мәдени-тарихи Визит орталығын, Батыс Қазақстан облысы — тарихи-киелі орындар орталығын, Қостанай облысы — Қазақстан халқы Ассамблеясының ғимаратын, Қызылорда облысы — Шығыс моншасын, Маңғыстау облысы – Амфитеатрды салатын болады. Бұдан басқа, әуежайдың, әкімшілік-іскерлік орталықтың құрылысы бойынша жұмыстар атқарылуда.