Домой Әлеумет ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТА МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ ДӘРІПТЕЛДІ

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТА МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ ДӘРІПТЕЛДІ

Түркістан облысы Түлкібас ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдістемелік кабинетінің жылдық жоспарына сәйкес, 2021 жылдың 31 наурыз күні М.Шаханов атындағы жалпы орта мектебінде базасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Тiл – достықтың алтын көпiрi» деген атаумен дөңгелек үстел ұйымдастырылып өткізілді. Қазақстандық патриотизмді нығайту, мемлекеттік тілдің маңызын және қазақстандық жастардың азаматтық жауапкершілігін арттыру, сондай-ақ шығармашылық әуелетін дамыту мен оларды рухани-адамгершілік тұрғысынан тәрбиелеу мақсатында өткізілген іс – шараға Түлкібас ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің қазақ, орыс, ағылшын тілі пәндерінің әдіскерлері, этномәдениет бірлестіктерінің жастар қанаты өкілдері, мектеп оқушылары, қазақ, орыс,өзбек,ағылшын тілі пәндерінің педагогтар қауымы қатысты. Ұлттық мектептердің білім алушылары М.Шаханов атындағы жалпы орта мектебінің фойесiне дайындалған көрмесiмен таныстырды және iс-шара қонақтарын бiрнеше тiлде еркiн сөйлеп, көрмемен танысып шықты. Бұл – оңтүстiкте түрлi ұлт өкiлдерiнiң өзара ауызбiрлiкте, ынтымақта өмiр сүрiп отырғанының айқын дәлелі болды. Бүгінгі өткізілген іс-шара қосымша онлайн форматта ZOOM платформасында және You Tube каналы арқылы тікелей эфирде көрсетілді. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев қазақ тілінде сөйлеу мақтаныш болуы үшін қоғамда оған деген қажеттілікті арттырған жөн екенін және қазақ тілін жақсы білетін өзге ұлт өкілдерін қолдауымыз қажет екенін айтқан болатын.Осы орайда, ауданымызда үш тұғырлы тіл саясатының арқасында біз де көп тілді меңгеруге бет бұрып келеміз. Мемлекеттiк тiл саясатын, халықтар достығын, ел бiрлiгiн насихаттау мақсатында ұйымдастырылған дөңгелек үстелде тiлдердi қолдану мен дамытуға өз үлестерiн қосып жүрген бiрқатар аудан педагогтары баяндама оқып, жиын барысында өзге этнос өкілдерінің қазақ тілінде сөйлеп, мемлекеттік тіл туралы айтқан пікірлері көпшіліктің көңілінен шықты. Олар мемлекеттiк тiлдi бiлуiнiң арқасында көптеген жетiстiктерге жеткенiн баяндай отырып, өзгелердi де қазақ тiлiн еркiн меңгеруге үндеді.