Домой Әлеумет ТҮРКІСТАН: СТУДЕНТТЕРМЕН ОНЛАЙН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ТҮРКІСТАН: СТУДЕНТТЕРМЕН ОНЛАЙН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Мәслихат депутаты, Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінің директоры Кенжалиев Алтынбек Турлыбиұлы «Серпін» бағдарламасы бойынша нақтырақ түсіндіру бағытында колледж студенттерімен онлайн-байланыс жасады.

Депутат сабақтардың қашықтықтан өтуіне қарамастан, студенттерге оқуға көп көңіл бөлу керектігін айтты.
Студенттер онлайн кездесуде «Серпін» бағдарламасы бойынша сұрақтарына жауап ала алды. Сонымен қатар, бағдарламаның шарттары, стипендия, гранд мәселелері бойынша түсіндірілме жұмыстары жүргізілді.

«Серпін» − үлкен ауқымды әлеуметтік жоба. Бұл жобаның басталғанына үш жылдың көлемі болды. Тиімділігін айта кетсек, грант бөлінеді, жатақанамен жұмыспен қамтамасыз етіледі. Жастарға барлық жеңілдіктер көрсетіледі.