Домой Әлеумет ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР КИЕЛІ ОРЫНДАРҒА САЯХАТТАДЫ

ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР КИЕЛІ ОРЫНДАРҒА САЯХАТТАДЫ

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Өзгерістерді өзіңнен баста» акциясы аясында Түркістан облысы әкімі аппараты басшылығының бекіткен Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметін одан әрі жетілдіру бойынша іс-шаралар жоспарына және 2019 жылдың 15 маусым күні Шардара ауданы мемлекеттік қызметшілерінің киелі жерлерге экскурсиясы ұйымдастырылды.
Алғашқы сапарды Қазығұрт тауындағы Кемеқалған шыңындағы ескерткіштен бастаған шардаралықтар одан әрі бірнеше кесенелерге, тарихи орындарға  саяхат жасады. Атап айтар болсақ, Қазығұрт тауының етегіндегі Төлеби ауданына қарасты «Ғайып Ерен Қырық Шілтен» киелі орны мен Сайрам ауданындағы ұлы уағызшы-сопы Қожа Ахмет Яссауидің әкесі Ибраһим ата, анасы Қарашаш ана, Отырар ауданындағы  Бабтардың бабы  Арыстанбаб кесенелерінде болып, соңынан Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесімен аяқталды.  Тарихи орындарды аралап рухани азық алған аталмыш саяхаттан шардаралық мемлекеттік қызметшілер зор әсермен, тың шабытпен оралды.