Түркістан облысы Кентау қаласындағы С.Қожанов атындағы саябақта мемлекет және қоғам қайраткер, публицист, ғалым Сұлтанбек Қожановтың туылғанына 125 жылдығы мен 31 мамыр Саяси қуғын сүргін құрбандарын еске алу күні қала көлемінде аталып өтілді. Еске алу шарасы барысында қала әкімінің орынбасары Самат Расул мен ардагерлер кеңесінің төрағасы Исахан Жұмабайұлы қазақтың біртуар азаматы Алаш орданың өкіметінің құрылуына ат салысып, Алаш туының астында қазақтың тәуелсіздігі үшін Кеңестік өкіметтің озбыр саясатына қарсы тұрған С.Қожанов 1937 жылы Ташкентте тұтқындалып себепсізден-себепсіз саяси қуғын сүргін құрбаны болды деп еске алды. Шараның жалғасы Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайында қылышынан қан тамған Кеңес өкіметінің қолдан жасалған ашаршылық жылдары мен 1937 жылғы саяси-қуғын сүргін кезінен сыр шертетін қойылым көрермендерге ұсынылып, патриоттық әндер шырқалды. Ондағы мақсат өскелең ұрпақтың бойындағы патриотизімді қалыптастыруға, отанға деген сүйіспеншілікті арттыруға бағытталды. Алаш ұлдарының ұрпағы екендігімізді тағы да бір дәлелденді.