Домой Әлеумет ТҮРКІСТАН: ПОЛИЦЕЙЛЕР ПӘТЕР ҰРЫЛАРЫН ҚҰРЫҚТАДЫ

ТҮРКІСТАН: ПОЛИЦЕЙЛЕР ПӘТЕР ҰРЫЛАРЫН ҚҰРЫҚТАДЫ

2019 жылдың сәуір айында Түркістан ҚПБ-на жергілікті тұрғын арызданады. Ол өз арызында күндізгі уақытта үйінде адам жоқтығын біліп, белгісіз біреу кілт таңдау арқылы есігін ашып, 5 000 000 теңге ақшасы мен алтын бұйымдарын жасырын ұрлап кеткенін көрсетеді. Аталған жайт Түркітан қалалық ПБ-нің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркелді.
Орын алған қылмысты ашу мақсатында Түркістан облысы Полиция департаменті КПБ және Түркістан қалалық ПБ-ның тәжірибелі қызметкерлерінен арнайы жедел-тергеу тобын құрылды. Полицейлер жедел-іздестіру шараларының ауқымды жұмыстарын жүргізді. Қалған заттық белгілердің қылмысқа қатысты орындарын тексерді. Жуық аймақтың барлығын іздестіріп шықты және мүмкіндігі болған куәларды сұрастырды, бақылау камераларын тексерді, және одан да басқа қажетті шараларды атқарды. Жедел-іздестіру шараларының барысында полицейлер күдіктілердің ізіне түсті, күдіктілер ұрлық жасаған соң Жамбыл облысының Тараз қаласына жасырынғандығы айқындалды. Түркістан облысының Полиция департаментінің жедел-іздестірушілері Түркістан қалалық ПБ-ның қызметкерлерімен бірлесіп жргізілген іс-шаралардың нәтижесінде үй ұрлығына байланысты қылмыстық топты Тараз қаласында құрықтады. Олардың 4-еуі Жамбыл облысының және 1-еуі Түркістан облысының тұрғыны болып шықты. 4-еуі бұрында сотты болған.
Қазіргі кезде аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Заттай айғақтар алынды. Күдіктілер тұтқындалды. Полицейлер ұсталғандардың басқа да қылмыстарға қатыстылығын, сондай-ақ басқалардың мүлкін ұрлауға байланысын анықтауда.
Пәтер ұрлығының құрбаны болмау үшін Түркістан облысының полицейлері азаматтарға сақ болып, өз заттарының ұрлануына бей-жай қарамауға кеңес береді. Ақшалар, алтын бұйымдар және басқа бағалы заттарды басқаның көзінен таса жерге сақтауға кеңес береді. Сондай-ақ, өз үйлеріңізге күзет дабылқаққыштарын және бейнебақылау орнату қажет, ал терезеге темір тор, есіктерге сенімді күрделі механизмді құлыптар салу керек. Егер сіздің үйіңізден бәрібір ақша мен бағалы заттарды ұрлаған жағдайда кешіктірмей «102» телефоны бойынша полицияға хабарласыңыздар.