Домой Әлеумет ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «АҚАБА СЕРВИС» ЖШС-НЫҢ ТАРИФІ ТӨМЕНДЕТІЛДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «АҚАБА СЕРВИС» ЖШС-НЫҢ ТАРИФІ ТӨМЕНДЕТІЛДІ

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті «Ақаба Сервис» ЖШС-ның сарқынды суларды бұру қызметі бойынша 2023 жылға тарифтік сметасын орындау туралы есебіне талдау жасады.

Талдау барысында сарқынды суларды бұру қызметіне тарифтік сметасында көзделген шығындар баптарын толық көлемде орындамағандығы анықталды, бұл негізсіз кіріс алуына әкеп соқты.

Осыған байланысты, Департамент тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында, табиғи монополиялар туралы заңнамаға сәйкес уақытша өтемдік тариф енгізу жолымен шаралар қабылдады.

Нәтижесінде, «Ақаба Сервис» ЖШС-ның тұтынушыларына тарифті 292,28-ден 289-ға дейін, яғни  3,28 теңгеге немесе 1,12% ға уақытша төмендету арқылы 1 207 057 теңге көлемінде соммада негізсіз кіріс қайтарылады.

Бұйрық 2025 жылғы 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ СНИЖЕН ТАРИФ ДЛЯ ТОО «АҚАБА СЕРВИС»

Департаментом Комитета по регулированию естественных монополий Министерства национальной экономики Республики Казахстан по Туркестанской области проведен анализ отчета об исполнении тарифной сметы ТОО «Ақаба Сервис» за 2023 год по услуге отвод сточных вод.

В ходе анализа установлено, что субъектом не в полной мере              исполнены статьи затрат, предусмотренные в тарифной смете на услугу отвод сточных вод, что привело к получению необоснованного дохода.

В связи с чем, Департамент, в целях восстановления прав потребителей, принял меры в соответствии с законодательством о естественных монополиях путем введения временного компенсирующего тарифа.

В результате, потребителям ТОО «Ақаба Сервис» будет возвращена сумма необоснованного дохода в размере 1 207 057 тенге путем временного снижения тарифа с 292,28 до 289 то есть на 3,28 тенге или на 1,12%.

Приказ вводится в действие с 1 января 2025 года.