Домой Әлеумет ТҮРКІСТАН: МАҚТАРАЛДА МҰҚТАЖ ОТБАСЛАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

ТҮРКІСТАН: МАҚТАРАЛДА МҰҚТАЖ ОТБАСЛАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

Түркістан облысының барлық аудан, қалаларында «Nur Otan» партиясы фракциясының депутаттары кестесіне сай 25 наурыз күні «Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық филиалында Түркістан облыстық мәслихат депутаты Нұргүл Пердебайқызы жоспарға сәйкес тұрғындар арыз-шағымдары бойынша қоғамдық қабылдау өткізген болатын. Қабылдауға келіп түскен тұрғындардың өтініштері мен талап-тілектерінің бір қатары қарастырылып оң шешімін тапты. Соның дәлелі ретінде Достық а/ә, Бескетік ауылы тұрғыны 9 баланың анасы Жұмахан Мариям Абдилкахарқызының өтініші бойынша 2014 жылы туылған қызының бір құлағы естімейді және әлеуметтік жағдайы төмен. Көп жерден көмек сұрап барғанын және де еш бір жерден ешқандай көмек болмай жатқанын өкінішпен айтып өтті. Қазіргі таңда Мариям ханым біреудің үш сиырын сауып күн көріп отырғанын және жұбайын жол апатынан ауыр жарақат алып жұмысқа жарамай қалғанына байланысты пенсияға шығара алмай отырғанын да ашып айтты. Тағы бір өтініш иесі жалғыз басты үш баланың анасы Жұмаханқызы Фатима. Фатима ханымда Достық а/ә тұрғыны болып әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар қатарына еніп өзінің отбасылық-әлеуметтік жағдайы бойынша арызданған еді. Осы 25 наурыз күні келіп түскен өтініштер негізінде Түркістан облыстық мәслихат депутаты Нұргүл Пердебайқызы бір қатар тиісті шаралар қарастырып, жоғарыда көрсетілген мәселелер бойынша тиісті мекемелерге хат жолданып, Мариям ханым мен Фатима ханымдар шаңырақтарына азық-түлік, бүлдіршіндерге тәттілер және үйге қажетті керек-жарақтар мен азда болсын қамтамасыз етті.Тұрғындардың өтініштерін ескеріп көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын беріп, көмек көрсетіп отырғаны үшін Нұргүл ханымға өз атымыздан үлкен алғыс білдіреміз дейді өтініш иелері Жұмахан Мариям Абдилкахарқызы мен Жұмаханқызы Фатима.