Домой Әлеумет ТҮРКІСТАН: КЕЛЕС АУДАНЫНДА 30-ДАН АСТАМ КӨШЕ ЖӨНДЕУДЕН ӨТКЕН

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕС АУДАНЫНДА 30-ДАН АСТАМ КӨШЕ ЖӨНДЕУДЕН ӨТКЕН

Келес ауданы бойынша облыстық маңызды 261,1 шақырым автомобиль жолы бар, оның ішінде қанағаттанарлық жағдайы 76,5% құрайды. Ал аудандық маңызы бар 122,5 шақырым автомобиль жолының қанағаттанарлық жағдайы — 78,6 %. Ауданда былтыр жалпы ұзындығы 60,7 шақырымды құрайтын 33 көше жөндеуден өткен. Биыл 71,5 шақырым жолды жөндеу жоспарланып отыр. Нәтижесінде аудандық маңызы бар жолдың қанағаттық деңгейі 82,7% жетпек. Келес ауданы бойынша былтыр «Ауыл ел бесігі» бағдарламасымен Абай ауылына және Қызыләскер елді мекенінің ішкі автомобиль жолдарын орташа жөндеу жұмыстары бойынша жалпы 16 ішкі көшені жөндеуден өткізу жоспарланған. Қазіргі уақытта жол жөндеу жұмыстары толығымен аяқталып, пайдалануға тапсырылды. Ал биыл аталған бағдарлама аясында аудандағы жалпы 18 ішкі көшеге 29,9 шақырым жолды жөндеуден өткізу жоспарланған. Сондай-ақ, жергілікті бюджет есебінен 24 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу межеленіп отыр.