Түркістан өңірінде шағын және орта кәсіпкерлік саласы жақсы дамып келе жатыр. Сарыағашта орналасқан темір өнімдерін дәнекерлеп, өз өнімін ұсынатын дәнекерлеу цехы бүгінгі таңда өндіріс орны тәулігіне 50 дана өнім шығарады.
Жобаны іске асыруға 8,6 млн. теңге жұмсаған. Оның аясында 8 адам жұмыспен қамтылған. Түркістан өңірінде қарқынды түрде іске асырылып жатқан ауқымды бағдарлама – «Ауыл аманаты» жобасы. Кәсіпкер аталған жоба аясында 2,5 пайызбен несие алып, кәсібін дөңгелетіп отыр. Өнімдерді Түркістан облысы және Шымкент қалаларына саудалап жатыр.
Кәсіпкердің жұмысымен танысқан облыс әкімі бүгінде іске асырылып жатқан «Ауыл аманаты» жобасының басты мақсаты ауыл тұрғындарына кәсіп бастауына қаржы бөлу екенін жеткізді. Тұрғындардың әлеуетін жақсарту қажеттігін айтып, аудан басшысына осы саланы қолдап, кәсіпкерлікті насихаттау қажет екенін жеткізді. Сондай-ақ алдағы уақытта да «Ауыл аманаты» жобасы аясында жұмысты күшейтіп, кез келген тұрғынның іс бастауына көмектесуді тапсырды.
Одан кейін облыс әкімі Құркелес ауылдық округі, Еңкес елді мекенінде инвестор есебінен ашылған «Бегім Арт» ЖШС медициналық оңалту орталығында болған еді. Жеке кәсіпкердің демеушілігімен салынған нысанның құны – 500 млн. теңге. 2023 жылы іске қосылған орталық 50 адамға арналған. Мұнда 45 адам жұмыс істейді. Онда инсульт және паралич, терапия, невропатология, педиатрия бойынша қызмет көрсетіледі. Салауатты өмір салтын насихаттап, адам денсаулығына жіті көңіл бөлу, мүмкіндігі шектеулі жандарға қолжетімді жағдай жасай отырып, қоғамдық ортаға бейімдеу – бүгінгі таңдағы өзекті мәселенің бірі.
Осы орайда, мүмкіндігі шектеулі жандардың ем алуына және демалуына қолайлы жағдай туғызатын орындардың саны ауданда артып отыр. Дархан Сатыбалды денсаулық сақтау саласында нысандар салуға инвестор тартуды қолдайтынын айтып, кәсіпкерлердің қосар үлесі ерекше екенін атап өтті.
Оқырмандар назарына дәнекерлеу ісінің қалай жүргізілетіні жайлы аз-кем ақпарат ұсынып отырмыз. Ең алдымен дәнекерлеу дегеніміз — қосылатын (біріктірілетін) металл жиектерін жоғары, бірақ балқу температурасынан темен температураға қыздырып, жиек аралығына балқыған металл беріліп кристалдандыру нәтижесінде біртұтас қосылыс қалыптастыру[1]. Дәнекерлеу пісірудің бір түріне жатады, бірақ пісірулерден айырмашылығы бар. Негізгі айырмашылығы қосылатын металл жиектері балқытылмайды, дәнекердің балқу температурасы негізгі металл балқу температурасынан төмен болып алынады. Атомдар аралық байланыспен қатар адгезиялық байланыс қалыптасады. Дәнекерлі қосылыстың беріктігі пісірілген қосылыстан төмен болады. Қосылыстың беріктігі көп жағдайда қосылатын беттердің дәнекерленуіне байланысты. Металдарды дәнекерлеу кезінде дымқылдау сапасы әдетте беттің тазалығына байланысты — онда металл тотықтары немесе органикалық майлар мен майлар болмауы тиіс. Ластануды жою, беттік керілуін төмендету және дәнекердің ағуын жақсарту үшін флюстер немесе бетті белсендірудің ультрадыбыстық әдістері қолданылады. Металл емес беттерді (керамика, шыны) немесе тез балқитын дәнекермен дәнекерлеу кезінде химиялық флюстер дымқылдандыруға көмектеспейді, сондықтан беттің ультрадыбыстық активтендірілуін қолданады.
Ал Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев жұмыс жоспарына сәйкес, Құркелес ауылдық округіне барып, «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында шаруасын дамытып отырған, кәсіпкердің жұмысымен танысты. С.Юсупов «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 10 сауынды бие сатып алып, салауатты өмір салтын ұстану үшін табиғи сүт өнімдерін халыққа ұсынуда. Тәулігіне 50 литр сүт алу жоспарлануда.
Шаруашылық жұмысымен танысқан аудан басшысы:
— Қазіргі уақытта іске асырылып жатқан «Ауыл аманаты» бағдарламасының да басты мақсаты ауыл тұрғындарына кәсіп бастауына қаржы бөліп, тұрғындардың әлеуетін жақсарту. Сіздің жұмыстарына сәттілік, алдағы уақытта шаруаңызды үлкейтіп ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтуға мүмкіндік жасауға болады, — деді аудан басшысы.
Бұдан бөлек, Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Жартытөбе ауылдық округіне арнайы барып, «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша несие алған кәсіпкердің жұмысымен танысты. Қазіргі таңда Б.Камаров “Ауыл аманаты” бағдарламасы аясында жеңілдетілген несие алып, қаржысына құрал жабдықтар алып, кәсібін бастаған. Кәсіпкер 8 ауыл тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамтыған.Тапсырыстар облыс көлемінде келуде.
Кәсіпкердің жұмысымен танысқан аудан әкімі Арман Абдуллаев:
— Қазіргі уақытта іске асырылып жатқан «Ауыл аманаты» бағдарламасының да басты мақсаты ауыл тұрғындарына кәсіп бастауына қаржы бөліп, тұрғындардың әлеуетін жақсарту. Жұмысыңызға береке,сәттілік тілеймін -деп,темірден түйін түйген шеберлердің жұмысына толағай табыс пен сәттілік тіледі.
Сонымен қатар аудан әкімі Арман Абдуллаев Жібек жолы ауылдық округіне арнайы барып, «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша несие алған Д.Темировтың жұмысымен танысты.
Қазіргі таңда, Д.Темиров сүт бағыттағы мал басын көбейту бойынша “Ауыл аманаты” бағдарламасының қаржысынс 8 сауын сиыр алған. Алдағы уақытта, сүтті бағыттағы асыл тұқымды мал басын көбейтуді жоспарлауда.
Сонымен қатар,шаруа сүттен құрт, сарымай өндіріп, жергілікті нарықта саудалауда. Д.Темиров тәулігіне 60-80 литр сүт алуда.
Жобаның негізгі мақсаты — ауылдың экономикасын және халықтың өмір сүру деңгейін көтеру, халықты тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз ету, ауыл әлеуетін тиімді пайдалану болып табылады. Мал шаруашылығымен танысқан аудан әкімі Арман Абдуллаев:
— Қазіргі уақытта іске асырылып жатқан «Ауыл аманаты» бағдарламасының да басты мақсаты ауыл тұрғындарына кәсіп бастауына қаржы бөліп, тұрғындардың әлеуетін жақсарту. Бүгінгі таңда аталған бағдарламаның аясында несиелендіру 6 бағытта жүзеге асырылады. Атап айтқанда, мал, құс, өсімдік, балық шаруашылықтары, сондай-ақ кооперативтерді жабдықтау мен тұрғындардың өз кәсібін ашуға мүмкіндіктері бар,- деп аудан басшысы шаруаның алдағы уақыттағы жұмыстарына сәттілік тіледі.