Домой Әлеумет ТҮРКІСТАН: «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫ АЙҚЫН ЖЕТІСТІККЕ БАСТАЙДЫ

ТҮРКІСТАН: «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫ АЙҚЫН ЖЕТІСТІККЕ БАСТАЙДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында: «Ауыл-аймақты дамыту үшін шағын шаруашылықтарды қолдау өте маңызды. «Ауыл аманаты» бағдарламасының елге қажет екені айқын көрінді. Оның келесі кезеңінде жеңілдетілген несие берумен шектеліп қалмау керек. Жеке қосалқы шаруашылық иелері өзара бірігуі қажет. Осыған қажетті жағдай жасалуы керек. Машина-трактор паркінің әбден ескіріп, тозуы – күрделі мәселеге айналды. Қазір ауыл шаруашылығы техникасының 80 пайызы тозып тұр. Сондықтан жыл сайын оның 8-10 пайызын жаңартып отыру қажет. Бұл ретте еліміздегі техника өндірушілер мен шаруалардың да мүддесін ескерген абзал»,-деген болатын.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауылдарды дамыту жөнінде нақты тапсырма берген болатын. Бұл орайда, биыл елімізде халықтың табысын арттыру бағдарламасын орындау мақсатында «Ауыл аманаты» жобасы жүзеге асырыла бастады. Ауыл тұрғындарына 2,5 пайызбен жеңілдетілген несие беріледі.

«Ауыл аманаты» жобасының негізгі мақсаты — ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерін жан-жақты қолдау, ауыл тұрғындарын агробизнеске барынша тарту, азық-түлік қауіпсіздігі және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға байланысты мәселелерді шешу.

Жобаның негізгі мақсаты – ауылдық елді мекендердегі жұмыссыздық пен атаулы әлеуметтік көмек алушылар санын азайту, сонымен қатар өзін өзі қамтушыларды заңдастыру. Бағдарламаның қалай жүзеге асырылатыны және несиелеудің шарттарына тоқталатын болсақ, ең бірінші кезекте жобаны іске асыруда жеке қосалқы шаруашылықтарды кооперативтер негізінде дамытуға басымдылық беріліп жатыр.Несие алу үшін ауыл тұрғындары алдымен ауыл әкімдіктеріне өтінім білдіру қажет. Бұл жобаның ауылдық жерлерде жаңа жұмыс орындарын құруға, мал мен құстың санын көбейтуге, шағын кәсіпкерлікті ашу арқылы халықтың табысын арттыруға және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге септігі тиеді деген ойдамын. Шартта көрсетілгендей, несие алушы кем дегенде бір жыл сол жергілікті ауылдың тұрғылықты азаматы болуы керек. Оған қоса, міндетті түрде кепілге қоятын жылжымайтын мүлкі болуы шарт. Егер кепіл болмаған жағдайда туыстардың кепілін пайдалануға болады. Бағдарламада уақыт шектеуі жоқ. Аталған жоба 2023-2025 жылдар аралығында жүзеге асырылады. Микрокредит мерзімі – 5 жыл, мал шаруашылығы жобаларына 7 жылға дейін беріледі. Жылжымайтын кез-келген мүліктің 60 пайызы бағаланады. Бір жылға дейін демалыс қарастырылған.

Бұл ретте Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы облыс бойынша «Жұмысшы топ» құрамымен бірге барлық аудандарды аралап, бағдарламаның концепциясын құруға, басым бағыттарын таңдауға, несие беру ережесіне қатысады. Нақтырақ айтқанда, палатаның қызметі жобаларды сүйемелдейді, бизнес жоспар дайындап береді, құжаттарды жинақтауға көмек береді. Несие алушыға ауыл тұрғындарының ауыл шаруашылығы кооперативіне кіруіне кеңес береміз. Неге десеңіз, бұл арзан бағамен жем сатып алуға, жер жыртуға, қоқыс шығаруға, арнайы техникаларды арзан бағамен пайдалануға мүмкіндік береді. Қысқасы, кооперативке бірігудің пайдасы көп. Бірінші кезекте сату мәселесі шешіледі. Мәселен, кооперация мүшесі 8,6 миллион, ал төрағасы 27 миллион теңге ала алады. Сонымен қатар Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев, аудандық мәслихат төрағасы Бақдәулет Жұмабеков Бөген ауыл округі тұрғындармен есепті кездесу өткізді.Кездесу барысында аудан басшысы ауыл азаматтары тарапынан көтерілген ұсыныстар мен өзекті мәселелерге тоқталып, түрлі кездесулерде келіп түскен Коммуналдық, ауыл шаруашылығы, құрылыс саласы бойынша 9 ұсыныс-пікір бойынша айтып өтті.Аудан әкімінің тапсырмасына орай ауылдық Мәдениет үйінде үйірмелер ұйымдастырылса, қомқорлықтағы балалардың баспана мәселесі бойынша тұрғын үй салынған жағдайда кезектілікпен берілетін болмақ.

Аудан басшысы өткен кездесулерде бөгендіктер көтерген жарықшамдар орнату, электр бағаналарымен электр желілері жаңартыу, мәдениет үйімен спорт кешенін жөндеу, «Казсушар» РМК меншігіндегі 44 дренажға жөндеу жұмыстарын жүргізу, құрылысы жүргізіліп жатқан Р-1 арығынан шығатын ішкі арықтарды қоса бетондау, ауылдан жаңа емхана салу мәселелері бойынша нақты шешілу жолдарын айтты. Әрі халықпен кездесуде айтылған өзекті мәселелерді шешудің жолдарын түсіндірді.Мәселен, ауылдағы ауыз су жүйесін қайта құру бойынша ЖСҚ әзірленіп биыл сраптама қорытындысы алынған. Келесі жылы құрылыс жұмыстарына қаржы қарауға ұсынылады.Және де, Кемер ауылына көше жарықтарын орнату бойынша сметалық құжаттамалары дайындалған. Береке, Бірлік көшелеріне 3,1 шақырымына 2023-2024 жылдары орнатылатын болады.Сонымен қатар “Р-4” каналын мемлекеттік меншікке өткізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Ауылдағы білім беру мекемелерін ретке келтіру бағытында Б.Кенжебаев атындағы жалпы орта мектебін жөндеуден өткізу бойынша да жүйелі жұмыстар жүргізілетін болады.Аудан басшысы кездесу кезінде Бөгеннің шаруашылыққа қолайлы шарт-жағдайын ескере отырып, ауылдастарды агросекторды дамыту бойынша жаңа технологияларды қолдануға, мемлекеттік бағдарламалар арқылы жеңілдетілген несие алып, өз кәсібін ашуға шақырды. Шаруаларға “Ауыл аманаты” бағдарламасына белсене қатысып, шағын және орта кәсіркерлікті дамыту заман талабы екендігін тілге тиек етті.Бұдан бөлек, аудан әкімі Азат Оралбаев Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы негізінде әкімдердің халықпен есепті кездесу кестесіне сәйкес Шұбар ауыл округі тұрғындарымен кездесіп, есеп берді.

Аудан басшысы шұбарлықтармен кездесуде шаруаларды 2,5 пайыздық несие алып, өз бизнесін дамытуға арналған «Ауыл аманаты» жобасына белсене қатысуға шақырды. Шағын несие алу үшін өтінім беруші жеке кәсіпкер болып тіркелуі керек. Сондай-ақ салық органдарында тіркеудің болуы, басқа несиелер бойынша мерзімі өт­кен жарнаның, мемлекеттік кірістер ор­ган­дарында берешектің болмауы талап етіледі.Несие алушыда ауыл шаруашылығын жүргізу үшін жер телімі, қора және басқа да қажетті жағдайлардың болуы шарт, сондай-ақ ауылшаруашылық өндірістік кооперативіне мүшелікке кіру және жоба аясындағы өндірген өнімін өндірістік коо­перативке өткізу талап етіледі.Бағдарламаның қалай жүзеге асырылатыны және несиелеудің шарттарына назар аударар болсақ, ең бірінші кезекте жеке қосалқы шаруашылықтар­ды кооперативтер негізінде дамытуға басымдылық беріліп жатқаны байқалады. Бұл ретте алынған өнімнің сапасын, салмағын арттыратын өңдеу саласына қатысты жылыжайлар, сүт, ет өндірісі, құс және балық шаруашылығы секілді жобалар, өсімдік шаруашылығын, мал шаруашылығын дамыту, ауыл шаруашылығы кооперативтерін жабдықтау және басқа бағыттағы бизнес жобаларды қаржыландыруға ерекше мән беріліп отыр.

«Бүгінгі таңда ауданымыздың Шұбар ауылы осы жобаға еніп отыр. Мемлекеттен берілетін жеңілдетілген несие арқылы шаруаларымыз кәсібін дамытуға, кооператив құрамында жеңілдетілген несие ала алуға, сондай-ақ техниканы лизингке рәсімдеуге болады. Сондықтан бүгінгі кездесуді пайдаланып, ауылдастарды аталған бағдарламаға қатысуға үгіттер едім», деді аудан басшысы өз сөзінде. Халықпен кездесуде аудан әкімі тұрғындар көтерген мәселе негізінде Шұбар елдімекеніндегі О.Жандосов, Қазақстан көшелеріндегі олқылықтар орнына келгендігін, инфрақұрылым, ортақ жайылым, ойын алаңшаларын салу секілді бірқатар мәселелерді шешу үшін бюджеттен қаржы қарастыру кезінде қосымша уақыт талап ететіндігін жеткізіп, халық талап еткен мәселелер кезең-кезеңімен жүзеге асатындығын жеткізді. Есепті кездесуден соң Азат Әбдіғалиұлы ауылдағы ескірген электр желілері, апатты жағдайдағы көпір, жөндеуді талап ететін көше жолдары, аяқжолдарды аралап, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысы мен ауыл әкіміне бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Әрі округ әкіміне Құрманғазы Сағырбайұлы, Жандосов көшелерінің бойын ретке келтіріп, жасылдандыруды тапсырды. Жалпы кез келген щаруашылық иесі несие алу үшін ауыл тұрғындары алдымен жергілікті әкімдіктеріне өтінім білдіруі қажет. Бұл жобаның ауылдық жерлерде жаңа жұмыс орындарын құруға, мал мен құстың санын көбейтуге, шағын кәсіп­кер­лікті ашу арқылы халықтың табы­сын арттыруға және азық-түлік қауіпсіз­дігін қамтамасыз етуге септігі тиеді. Бағ­дар­ла­мада уақыт шектеуі жоқ. Шартта көрсе­тіл­гендей, несие алушы кем дегенде бір жыл сол жергілікті ауылдың тұрғы­лық­ты азаматы болуы керек. Егер кепіл бол­маған жағдайда туыстардың кепілін пай­далануға болады. Шағын несиелер халық­қа сенім білдірілген өкіл арқылы беріледі. Қаржының мақсатты жұмсалуы қатты қадағаланатын болады. Бағдарлама адамдардың тұрақты табыс жолына түсуіне бағытталған. Кәсіп ашуға немесе істі дұрыс жүргізуге мамандануға ауылдық округ әкімдері көмектеседі. Қашанда қағажу көріп жүретін ауыл тұрғындары жаңа жобаға үлкен үміт артып отыр. Қолынан іс келетін, дөң­гелетіп отырған шаруасы бар көп­теген кәсіпкер, фермерлер бұл бастамаға барынша мүдделілік танытуда. Олар қаржылай қолдау болса, ауыл-аймақта өз кәсібін бастауға немесе осыған дейін шұғылданып келген шағын кәсіптерінің аясын кеңейтіп, талапқа сай дамыта алатынына бек сенімді.