Домой Әлеумет ТҮРКІСТАН: АУДАНДАҒЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖОБАЛАРЫ САРАЛАНДЫ 

ТҮРКІСТАН: АУДАНДАҒЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖОБАЛАРЫ САРАЛАНДЫ 

Түркістан өңіріндегі өзекті саланы бірі шаруашылық бағыты. Әр ауданның өзіне сай Сауран ауданында ауыл шаруашылық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиынға «БНК Агро КZ» ЖШС және «АгроХолдинг Түркістан ЖШС басшысы Ниязәлі Бейсенбаев, «Мұсабеков Қуанышбек» шаруа қожалығының төрағасы, «JMJ Агро» ЖШС басшысы, аудандық мәслихат депутаты Бағлан Мұсабеков, ауыл шаруашылық кеңесінің мүшелері, шаруа қожалық төрағалары фермерлер қатысты. Кеңесті аудан әкімінің орынбасары Серік Садибаев ашып, жүргізіп отырды. Алдымен аудандағы ауыл шаруашылығы саласындағы іске асырылып жатқан жұмыстары бейнеролик арқылы көпшілік назарына ұсынылды. Кеңесте аудан әкімі Мақсат Таңғатаров ауыл шаруашылық саласын дамыту бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап өтті.

– Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлік саласын назардан тыс қалдырмай, оған кеңінен бет бұру қажеттігін айтқым келеді. Елімізде бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы саласын қолдау шаралары кеңінен ұйымдастырылып, түрлі мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылуда.

Бұл кеңесті өткізудегі негізгі мақсатымыз алыс жақын шетел және отандық инвесторларды тарту есебінен тиісті салалар бойынша ауданды ауыл шаруашылығын дамыту арқылы азық-түлік белдеуін қалыптастыруымыз қажет. Оған толық мүмкіндіктер бар. Мемлекет тарапынан жеңілдіктер қарастырылған. Осы агроөнеркәсіп саласын дамыту мақсатында көптеген кәсіпорындар және өндіріс орындарын ашу бағытында жұмыс жасау керекпіз», — деді аудан әкімі Мақсат Асылбекұлы.

Ауыл шаруашылығы саласында жыл басынан 95,4 млрд. теңгенің өнімі өндірілген. Атап өтсек, өсімдік шаруашылығы – 67,4 млрд. теңге, мал шаруашылығы – 27,5 млрд. теңгені құрады. Биылғы жылы 44 082 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Өткен жылмен салыстырғанда 1945 гектар артық орындалған. Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 8,1 млрд теңге инвестиция тартылып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2 есе артып отыр.

2024-2025 жылдар аралығында ауыл шаруашылығы саласы бойынша жалпы құны 21,0 млрд теңгеге 16 ірі және 35 шағын инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарлануда. Бұдан бөлек, «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша ағымдағы жылы республикалық бюджеттен 19,7 млрд. теңге қаржы бөлінді.

Биыл «Ауыл — Аманаты» пилоттық жобасына қатысушы ретінде Оранғай, Қарашық, Майдантал, Ескі Иқан ауылдық округтері қатысты. Оған несие алуға 273 адам құжат тапсырып, жоба құны – 1 млрд 492 млн. теңгені құрады. Бүгінгі күнге 1 276 млн теңгелік 192 жоба мақұлданып, 191 жоба 1 млрд 267 млн. теңгеге қаржыландырылды.

Жиын барысында «БНК Агро КZ» ЖШС және «АгроХолдинг Түркістан ЖШС басшысы Ниязәлі Бейсенбаев пен «Мұсабеков Қуанышбек» шаруа қожалығының төрағасы, «JMJ Агро» ЖШС басшысы, аудандық мәслихат депутаты Бағлан Мұсабеков аудан көлемінде атқарып жатқан жұмыстарымен таныстырып, шаруалар тарапынан қойылған сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар, ауыл шаруашылық саласының ардагері Оразгелді Егізбаев ауданға сырттан келіп жұмыс жасаймын деген инвесторларға қолдау көрсету керектігін айтып, жергілікті жастарға жұмыс күші артатынын жеткізді.

Жиын соңында аудан әкімі Мақсат Таңғатаров пен ауыл шаруашылық саласының ардагері Оразгелді Егізбаев ауыл шаруашылығы саласында жұмыс атқарып жүрген бір топ азаматқа Алғыс хат табыстады.

Естеріңізге сала кетейік, ауыл шаруашылығы — материалдық өндірістің ең маңызды түрлерінің бірі. Ауыл шаруашылығы халықты азық-түлікпен және өнеркәсіпті шикізаттың кейбір түрлерімен қамтамасыз етумен айналысады. Ауыл шаруашылығы екі үлкен саладан, яғни өсімдік шаруашылығынан және мал шаруашылығынан тұрады. Сонымен қатар оның құрамына балық аулау, аңшылық және омарта шаруашылығы да кіреді.

Қазақ жерінде б.з.б. 2-мыңжылдықтан бастап адамдар қолда мал өсіре бастады. Оларды көбейту үшін жайылымдар іздеп, көшіп қонатын болды. Олар көбінесе жылқы, түйе, қой және ешкі өсірді. Малдарының жағдайына байланысты көшіп жүретіндіктен сиырды өте аз ұстады. Сол кезден бастап адамдар егін салумен де айналысқан. Оған дәлел — қыш құмыраларда сақталған арпаның, бидайдың, тарының дәндері. Егін егу мал өсіруге қарағанда баяу дамыды. Себебі тастан, ағаштан жасалған құралдар қатты жерлерді өңдеуге жарамады. Олармен тек өзен, көл жағасындағы жерледі өңдеді. 16-17 ғасырлардан бастап Қазақстан жерінде егіншілік дами бастады. 1694 жылы Тәуке ханның Түркістан сарайында болған Ресей елшісі В.Кобяков жергілікті тұрғындардың бидайды, арпаны, тарыны өте көп мөлшерде егетін және бидайдың жаздық, күздік түрлерін өсіретінін жазған. Шығыс Қазақстан және Жетісу тұрғындары егін шаруашылығын мал шаруашылығымен және балық аулау кәсібімен қатар жүргізді. Бұл жерлерде егін суару үшін қолдан арық қазылды. Шу, Талас өзендерінің бойына бау-бақша егілді. Орталық Қазақстанда егіншілікке жақсы жетілген суару жүйесін пайдаланды. Негізгі салалары — егіншілік пен мал шаруашылығы. Олардың құрамына а.ш. дақылдарының, малдың түрі, топтары т.б. бойынша бөлінетін қосалқы салалар енеді. Қазақстанда ауыл шаруашылығы, оның ішінде мал шаруашылығы ежелден негізгі өндіріс саласы болып келді. Ол халықты азық-түлікпен (сүт, май, ет, тоң май т.б.), жеңіл және тамақ өнеркәсіптерін шикізатпен қамтамасыз етеді. Күш көлігі де (ат, өгіз, түйе т.б.) егіске керекті тыңайтқыш та (көң, қорда т.б.) осы мал шаруашылығынан алынады. 20 ғасырдың 90-жылдарына дейін Қазақстан ауыл шаруашылығы құрылымының негізін Кеңестік шаруашылықтар (кеңшар) мен ұжымдық шаруашылықтар (ұжымшар) құрады. 1990 жылдан бастап республиканың агроөнеркәсіп кешенінде кең ауқымды әлеуметтік-экономикалық өзгерістер болды.

Ауыл шаруашылығы — шаруашылық салаларының ішіндегі ең ежелгі және табиғат жағдайларына тікелей тәуелді саласы. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы — неғұрлым көп тараған сала. Шындығында, дүниежүзінде халқы ауыл шаруашылығының түрлі салаларымен айналыспайтын бірде-бір ел жоқ. Ауыл шаруашылығының барлық жерге таралуы оның алуан түрлілігіне байланысты. Ғалымдар шамамен онын 50-ге жуық түрін бөліп көрсетеді. Қазіргі мәлімет бойынша дүниежүзінде бұл салада шамамен 1,3 млрд-тан астам адам еңбек етеді, оған ауыл шаруашылығындағы шаруа отбасыларын қосатын болса, онда ол көрсеткіш 2,6 млрд адамға жетеді. Еңбекке жарамды ер адамдардың ауыл шаруашылығындағы үлесіне сәйкес елдер индустриялы, постиндустриялы және аграрлы болып жіктеледі. Дүниежүзінде экономикалық белсенді халықтың (ЭБХ) 46%-ы осы салада еңбек етеді.

Қазір Қазақстанда ауыл шаруашылығы мақсатына арналған жеке меншік иелері мен жер иеленушілердің қарамағындағы 149,1 млн. га жер бар. Оның 25,7 млн. га-сы егістік, 3,6 млн. га-сы шабындық, 103,5 млн. га-сы жайылым (1998). Мемлекеттік ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын жекешелендіру және ұжымшарлар жүйесін қайта жаңғырту оң нәтиже берді. Жерге байланысты құқықтық қарым-қатынас жүйесі өзгерді, баға, несие, қаржы саясаты реформаланды, басқару механизмі жеңілдетілді. 1997 жылы Қазақстанда жалпы саны 72335 ауыл шаруашылығы құрылымдары жұмыс істеді. Оның 1847-сі шаруашылық серіктестіктері, 601-і акционерлік қоғамдар, 3714-і өндірістік кооперативтер, 65 мыңнан астамы шаруа қожалықтары, 192-сі мемлекеттік кәсіпорындар. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын жекешелендіру меншік нысанын ғана өзгеріске ұшыратып қойған жоқ, сонымен бірге оларды жедел дамытуға, өндірісті қайта құруға, тауарлы өнім өндіруді арттыруға мүмкіндіктер тудырды. Ауыл шаруашылығы салалары бойынша жалпы өнім құны 305, 4 млрд. теңгеге жетті (1997). Оның 41,5%-і мал шаруашылығы үлесіне тиеді. Негізгі ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 21843,7 мың га, оның ішінде дәнді дақылдар 15651,5 мың га болды. Бидай 11512,2 мың га, күріш 85, 2 мың га, жүгері 69 мың га, қант қызылшасы 13,6 мың га, мақта 103,6 мың га, күнбағыс 223,9 мың га, картоп 176,3 мың га, көкөніс 87,1 мың га, мал-азық дақылдары 5445,6 мың га жерге егілді.