Домой Әлеумет ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА «WIZZAIR» ӘУЕ РЕЙСТЕРІН АШУ ЖОСПАРЛАНУДА

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА «WIZZAIR» ӘУЕ РЕЙСТЕРІН АШУ ЖОСПАРЛАНУДА

ҚР Премьер-Министрі наурыз айындағы Біріккен Араб Әмірліктеріне сапары аясында Түркістан, Алматы және Қазақстанның басқа да қалаларына «WizzAir» әуе рейстерін ашуды ұйымдастыруды талқылады. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары Жаслан Мәдиев және «WizzAir» әуе компаниясының бас атқарушы директоры Джозеф Варади қатысқан басқосуда бірқатар жаңа ұсыныстар талқыланды. Атап айтқанда, аймақтағы және әлемдегі аса перспективалы сауда бағыттары бойынша әуе жүк тасымалдарын ұйымдастыру айтылды.«WizzAir» компаниясы — Орталық және Шығыс Еуропадағы ең ірі бюджеттік әуе тасымалдаушысы. Әуе компаниясының әуе кемелері паркі Airbus A320 және A321 ұшақтарынан тұрады. Еуропаның 47 еліне және одан тыс жерлерге 900 бағыт бойынша бюджеттік әуе рейстерін орындайды.